Жаңа білім мен тәжірибені қолдану. Ой толғаныс кезеңі.
Жер бетінде суық ауа мен жылы ауа үнемі ауысып отыратындықтан, желдің жылдамдығы мен бағыты өзгеріп отырады. Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны сол бағыттың атымен айтады. Мысалы, жел солтүстіктен соқса, оны солтүстік (С) желі деп атайды. Желдің бағыты мен күшін анықтай білу парашют, тау шаңғысы, желкенді қайықпен жүзу, планермен ұшу сияқты белсенді демалыс және спорт түрлері үшін маңызды. Желдің бағытын желбағардың көмегімен анықтайды. Желбағар тік білік пен оған бекітілген көлденең бағыттаушыдан құралады. Бағыттаушы еркін қозғалып тұрады. Бағыттаушының бір жағы екіншісінен ауырлау болады. Жеңіл бөлігіне орнатылған бағыттама әрдайым желдің соғу бағытын көрсетеді. Ал ауыр жағы желдің көкжиектің қай тұсынан соғып тұрғанын білдіреді.
Сен білесің бе? Жер шарында тұрақты, яғни үнемі бір бағытта соғып тұратын желдер бар. Біздің елімізде тұрақты соғатын 23 жел анықталған. Олардың ішінде ең күштілері – Арыстанды-Қарабас, Мұғалжар, Ебі, Сайқан, Шілік, Атырау желдері. Олардың әрқайсысының жылдамдығы туралы ғаламтордан ақпараттар тауып, сол бойынша диаграмма жаса.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Рефлексиялық кезең.Желкенді кеме Желкенді боя.
Жасыл түс - тапсырмаларды сәтті орындадым.
Сары түс - тапсырмалардың кейбірін орындау қиын болды.
Қызыл түс – тапсырмаларды орындау
Тапсыр
маны орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.