ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz №44 сабақ Тақырыбы: Желілік компоненттер, IP-мекен-жайы, DNS, жеке виртуалды желілер
ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz Үй тапсырмасы Кесте, дәріс тексеру ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz Қарапайым хат жіберу үшін адамдар хатты алушының мекен-жайын – мемлекет, қала, көше, үй және пәтер нөмірін толық жазуы қажет. Компьютерлік желідегі IP-мекенжай да желідегі құрылғы мекенжайы сияқты көрінеді. ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz
IP - мекенжай (ағылш. Internet Protocol Address) - бір түйіннен екінші түйінге ақпаратты жіберу, алу, табу үшін қажетті бірегей мекенжай. Түйін - желіге қосылу мүмкіндігі бар кез келген құрылғы (ұялы телефон, компьютер, принтер, концентратор, коммутатор, маршрутизатор және т.б. ) ( 1 - сурет ) . ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz IPv4 мекенжай 1 байттан тұратын әр разрядты октет деп атайды. IPv4 протоколы арқылы IP - мекенжайды 4 миллиардтан астам компьютерге беруге болады. Әр октет максималды 255, ал минималды 0 саннан тұрады. IPv4 протоколымен анықталған 4 байт көмегімен Интернетте барлық компьютерлерге мекенжай беру қиын болып бара жатыр. Сондықтан оның орнына 16 байттан тұратын IPv6 протоколы қолданылады. Бұл жағдайда сандарды әрбір екі байт сайын қос нүктемен ажыратып жазады, мысалы: 2001 : 0DB8 : AA10 : 00 01 : 0000 : 00 00 : 0000 : 00FB . ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz IP - мекенжай 2 түрге бөлінеді: 1. Ішкі ІР - мекенжай ( дербес, жергілікті, «сұр» ); 2. Сыртқы IP - мекенжай ( көпшілік, ауқымды, «ақ»). Ішкі ІР - мекенжайлар тек жергілікті желіде қолданылады және олар үшін мынадай диапазондағы - IP - мекенжайлар резервтелген: • 10.0.0.0 - 10.255.255.255 • 172.16.0.0 - 172.31.255.255 • 192.168.0.0 - 192.168.255.255 IP - мекенжайларды провайдерлер тағайлындайды. ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz
Провайдер - ұйым мен жеке тұлғаларға Интернет қызметтерін ұсынатын компания. Сыртқы IP - мекенжайлар Интернет желісінде қолданылады. Ауқымды желідегі күрылғылар ғана көре алатын бүкіл Интернет желісіндегі бірегей мекенжай. Мысалы, сыныптағы ішкі, желіге қосылған компьютерлерді PHмекенжайлары ал оларды сервермен байланыстырып тұрған желілік компон ненттің IP - мекенжайы ашыпни келідегі компьютер лерден келіп түскен сұранысы серверге ( ауқымды желіге ) жіберу үшін тағайындалады . ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz Желідегі компьютерлерде ІР-мекенжайдан бөлек маскада болады. Ол ішкі желі (подсеть) шекараларын (басқаша айтқанда диапазонын) анықтау үшін: әр компьютерде кімнің онымен бірге бір (ішкі) желіде, кімнің осы желіден тыс орналасқандығын білуі үшін қа жет. Мұндағы негізгі мақсат – бір желі ішінде орналасқан компьютерлер пакеттермен «тікелей» алмасу. Ал егер пакеттерді басқа желіге жіберу керек болса, онда пакеттер үн сіз клісім бойынша шлюзге жіберіледі. Осы жағдай қалай іске асатынын қарастырайық. Ішкі желі маскасыда 32 бит. Бірақ онда нөлдер мен бірліктер алмасып, кезектесіп кездесуі мүмкін емес. Әрқашан бірінші тек бірнеше бірлік, содан соң ғана бірнеше нөл болады, яғни мынадай түрдегі маска болуы мүмкін емес: 120.22.123.12 = 01111000.00010110.01111011.00001100. Бірақ мынадай маска болуы мүмкін: 255.255.248.0 = 11111111.11111111.11111000.00000000. ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz Ішкі желінің шекараларын анықтау үшін, компьютер IP-мекенжай және маска арасында биттік көбейту (логикалық ЖӘНЕ) орындайды. Көбейтіндінің нәтижесінде масканың нөлдері тұрған позициялар нөлге айналдырылған мекенжай алынады. Мысалы,192.168.11.10/21: 11000000.10101000.00001011.00001010 11111111.11111111.11111000.00000000 _____________________________________________ 11000000.10101000.00001000.00000000 = 192.168.8.0 Көбейтінді нәтижесінде алынған мекенжай 192.168.8.0 ішкі желі мекенжайы деп аталады. Хартли формуласы бойынша, 32 биттік Интернет-мекенжайлардың жалпы N – санын есептеуге болады. Мысалы: Интернет-мекенжайдағы ақпараттың саны і = 32 бит болғанда, N әртүрлі Интернет-мекенжайлардың жалпы саны: N = 2i = 232 = 4 294 967 296 болады. Қорытынды: Ұзындығы 32 биттік Интернет-мекенжай, Интернетке 4 миллиардтан астам компьютерді қосуға мүмкіндік береді. ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz
whoer.net сервисі көмегімен сыныптағы компьютерлердің IP-мекенжайын және оның қандай түрге жататынын анықтаңдар.
Компьютер баптаулары арқылы компьютердің IPv4 анықтаңдар.
ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz Бақылау сұрақтары 1. IP-мекенжай не үшін қажет? 2. Неліктен IP-мекенжайлар ішкі және сыртқы деп бөлінеді? 3. Егер Интернетке қосылған сайын компьютеріміздің IP-мекенжайы өзгеріп отырса, оның IP-мекенжайы қандай түрге жатады? 4. Неліктен ішкі желінің шекараларын анықтау үшін, компьютер IP-мекенжай және маска арасында биттік көбейту (логикалық ЖӘНЕ) орындайды? 5. Егер ұзындығы 32 биттік IP-мекенжай Интернетке 4 миллиард тан астам компьютерді қосуға мүмкіндік берсе, ұзындығы 128 биттік IP-мекенжай Интернетке неше компьютерді қосуға мүмкіндік береді? ahpc.edu.kz moodle.ahpc.edu.kz Үй тапсырмасы: IP-мекенжай түрлері бойынша кестені дәптерлеріңе толтырыңдар.