Сабақ тақырыбы Жылу берілу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі рөлі


І топ табиғаттағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІ топ



бет2/4
Дата19.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#95362
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 fizika-8-zhylu-qubylystary -zhylu-qubylystarynyn-tiri-agzalardyn-omirlerindegi-roli -sabaq-zhospary

І топ табиғаттағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІ топ тұрмыстағы жылу берілу түрлеріне мысалдар келтіреді ІІІ топ техникадағы жылу берілудің түрлеріне мысалдар келтіреді.
Оқушылардың жауабынан кейін кері байланыс ұйымдастыруға болады.
2. Ой қозғау Ақ аюдың суыққа бейімделуін қалай түсіндіресің?

Оқушылар жылу шығынын азайту үшін ақ аюдың құлақтары кішкентай болатынын, қалың ақ жүн аюды жылы ұстап тұруға және қалың май қабаты жылуды оқшаулауға көмектесетінін оқушылар болжай алулары тиіс.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • жылу құбылыстарының тірі ағзаның өміріндегі ролін білу;

  • әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіру.

Презентация

Сабақтың ортасы

12-22 мин

22-37 мин



4. Түсіндіру.
І топ Арктикада өмір сүретін аңдар(морж, кит) неліктен суыққа төзімді келеді?
(Морждың қалың жүні жоқ, бірақ терісінің астында жылуды сақтайтын қалың май бар. майдың жылу өткізгішігі аз.)
ІІ топ Орманда бүркіт қанатын өте қатты қағып ұшады, ал жазық далаға жеткенде қанатын қозғалыссыз жайып қалықтап ұшады. Неліктен?
(Қалың ағаш өсіп тұрған жерге қарағанда жазық жер күнмен жақсы қыздырылады, сондықтан жылы ауаның ағыны жоғары көтеріледі. Бүркіт биік ұшу үшін осы ағынды пайдаланатынын оқушылар түсіндіре алуы тиіс.)
Оқушылар дәлел ретінде тәжірибе көрсетсе болады. Қағаздан жасалған вертушканы алып жанып тұрған электр шамының үстіне қояды, біраз уақыттан кейін вертушка айнала бастайды.
ІІІ топ Неліктен африкалық пілдердің құлақтары үлкен болады?
(Пілдің құлақтары тығыз қан тамырларының желісіне енген, қызған қанда ауаның конвекциялық ағыны бар, піл денесінен шығады, ыстықты ауаға береді; қан бірнеше градусқа дейін салқындап қанайналым жүйесіне түседі. Ал құлақтарды тезірек салқындату үшін, пілдер, конвекциялық ауа ағынын көбейтіп, олар үнемі құлақтарын желпіп жүреді
Әр топ 2 мин топта өз сұрақтарын талқылайды. Содан кейін басқа топтың алдына сұрақтарына жауап береді. Басқа топ мүшелері оларға сүратар қояды.
Топ мүшелері жауаптарын аяқтаған соң оларға кері байланыс жасай отырып, қосямша сұрақтар ұйымдастыруға болады.
Мұғалім әр түрлі температураларда тірі ағзалардың бейімделуіне мысалдар келтіреді. Абиотикалық факторларды- табиғаттың өлі элементтері: температура, жарық, ылғалдылық қарастырылады.
Оқушылар түсінулері тиіс: Барлық тірі ағзаларға ортаның абиотикалық факторлары (температура, жарық, ылғалдылық)әсер ететінін.
Өлі табиғаттың әсеріне қарай өсімдіктер,жануарлар әр түрлі топтарға бөлінетінін және оларда осы факторлардың әсеріне бейімделетінін.
Жылу берілудің түрлері тірі ағзаның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететінін.

Презентация





Сабақтың соңы
37-40



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет