Мен шетел тілдері университетінде оқып жүрмін. Оқу жылы қазан айында басталады да, маусым айында бітеді. Оқу жылында екі семестрдің аяғында студенттер емтихан және сынақ тапсырады. Содан кейін демалыс басталады. Біздің университеттің студенттері көп шетел тілдерін үйренеді. Мен орыс бөлімінде оқысам да, қазақ тілін жақсы білемін және қазақ тілі сабақтарын жақсы көремін. Өйткені қазақ тілі – менің ана тілім. Қазақ тілі сабағында біз көп нәрсені оқып білеміз. Мен қазақ тілі туралы көп білемін. Қазақ тілі – бай тіл. Ол қазақ халқының образы, кітабы, мектебі жоқта болған тіл. Қазақ халқының дүние жүзіне әйгілі «Алпамыс», «Қобыланды», «Ертарғын», сияқты батырлар жыры, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сияқты ғашықтар жырлары бар. Қазақ халқы-ертегілерге, мақал-мәтелдерге, жұмбақтарға өте бай халық. Бұл күнде қазақ тілін үйренуге көңіл бөледі. Олар қазақ тілін үйірмелерде, мектептер мен институттарда оқып біледі. Біздің университетте қазақ тілі сабақтары өтеді. Ол бізбен қазақша сөйлеседі. Сабақта бізге көп жұмыс істетеді. Сұрақтар қойып, жауап бергізеді. Мәтінде жерді қазақша оқып, орыс тілінде аудартқызады, сөйлемдерді жазғызып, грамматикалық, морфологиялық, фонетикалық синтаксисті талдаулар жасаттырады, диктант, шығарма, мазмұндама жазғызады, диалогтар құрастырғызады. Қазір бізде «Іскерлік қазақ тілі» деген сабақ жүргізіліп жатыр. Бұл сабақта біз Қазақстан туралы, оның Конституциясы, заңдар, құжаттар, кәсіпкерлік туралы әрине басқада әр түрлі тақырыптарды әңгімелейміз, іскерлік құжаттарды жазуға, үлкен байыпты шығармалардан үзінді аударуға үйренеміз.
Оқытушы дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуымызға көп көңіл бөледі, қателеріміз болса түзетеді, сөздерді, сөйлемдерді қайтадан айтқызады. Сабақтан кейін мен оқу залына барып, үй жұмысын орындаймын; жаттығулар жазамын, мәтіндерді оқимын, сөйлесу үлгілерін құраймын. Келесі сабақта үй жұмысымды оқытушыға көрсетемін. Мен қазақша сөйлесуге тырысамын, қазақ тілін, қазақ әдебиетін, тарихын, мәдениетін білгім келеді.
Рахимова Ғ.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Университетте оқу ұнай ма? 2. Осы жоғарғы оқу орнын неге қаладыңыз? 3. Мамандыққа байланысты пәндер ұнай ма? 4. Әрбір адам жоғары білімді болуы керек пе?
Студент қандай факультетте, жоғары оқу орнында оқиды?
1.филфак, физфак, химфак, педфак.
2. ҚХҚ және ӘТУ, ҚМҰУ.ҚАУ; ҚҰК;
Мына сөйлемдерді оқып, сұхбат құрыңыз.
Арнайы курсқа
Мен кешкі мектепке барып жүрмін
Институтта оқимын
жақсы маман болу үшін
көп оқу керек.
Маған
жоғары білімді деген
диплом алу керек
Мен өз білімімді одан әрі жалғастырғым келеді.
Мен оқуды бітірген соң, басқа салада жұмыс істеймін.
Маған шетел тілі шетелдерді аралап, басқа елдің тарихын, дәстүрін білу үшін керек.
Менің ойымша, арнайы курстарда білімді толық меңгермейміз.
Жоғарғы кэсіби мамандық алған қазір пайдалы.
Тапсырма; Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Сұрақ құру.