Сабақ. Тақырыбы: Жоғарғы білім беру жүйесі. Бақыт жолы біліммен табылады Ахмет Югнаки. Менің сүйікті сабағым Шығармадан етістіктерді көшіріп


Қазақстандағы жоғарғы білім беру жүйесі



бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі29,29 Kb.
#22692
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
2-сабак

Қазақстандағы жоғарғы білім беру жүйесі.
Қазіргі Қазақстан Республикасында көптеген мемлекеттік жоғары оқу орындары бар. Ерекше мәртебеге ие болған 8 мемлекеттік жоғары білім ордасында білікті мамандар даярланады. Олар:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Қазақ ұлттық аграрлық университеті;

Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медециналық университеті;

Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті;

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияс;

Қазақ ұлттық өнер университеті;

Бұдан өзге, аккредитациядан өткен 58 оқу орындары бар.Білім берудің мемлекеттік емес жүйесі де кең тарай бастады.

Соңғы деректерге қарағанда, қазір республикада 47 мемлекеттік және 117 мемлекеттік емес жоғары оқу орындары қызмет істеуде.

Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарынан мыналарды айтуға болады: Алматы технологиялық университеті, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық университеті, «Әділет», «Тұран», «Қайнар» және т.б.

Жоғарғы оқу орындарының оқыту жүйесіне келсек, оқу мерзімі – 4-5 жыл. Ал оқыту формасы күндізгі, (түсіп оқитын), сыртқы, кешкі болып бөлінеді. Негізгі оқу тілдері – қазақша және орысша. Кейбір жоғары оқу орындарында ағылшын тілінде оқытады. (Мысалы: Қазақ – американдық университет, С.Демирел атындағы унверситет).

Көбінесе оқытудың классикалық үлгілері қолданылады: лекциялар, семинарлар мен арнайы курстар. Оқу жылының барсында көптеген оқу орындарында студенттердің білімін сынау оқытылған пәндерден сынақ (зачет)және емтихан тапсыру арқылы ұйымдастырылды. Бакалавр дипломын алып шыққан студенттер өз білімін жетілдіру үшін оқуын магистратуарада жалғастырады.

Жоғары оқу орындарының білім жүйесі Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігіне қарасты Жоғары білім департаментіне бағынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет