|
БЕКІТЕМІН
Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары
________________К. Нұрғали
«___»_________2022 ж.
|
Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақ тақырыбы: Кедергілерді параллель қосу
Модуль /пән атауы: КМ 01. Радиоэлектрондық құрылғыларды монтаждау
ОН 1.2. Радиоэлементтердің сапасын іріктеу және бақылауды
жүзеге асыру
Педагог: Асылбекқызы Жанат дайындады
2022жылғы "21" қыркүйек
1. Жалпы мәліметтер:
Курс, топ: ІІ курс, №10-21 оқу тобы
Сабақтың түрі: теориялық
2. Мақсаты, міндеттері: Студенттерге Радиоэлектрондық құрылғыларды монтаждау пәнін түсіндіру, бұл пәннің міндеті мен қағидаларын оқыту және телекоммуникация саласындағы жұмыстарды оқып, үйрету
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі: Теориядан алған білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыру
4. Қажетті ресурстар: Интербелсенді тақта, таратпалар, сызбалар және т.б.
5. Сабақтың барысы: Кедергілерді параллель қосқан кезде жалпы резистор шамасы кедергісі ең аз кедергі шамасынан аз және келесі формула арқылы табылады:
1/Rж = 1/R1 + 1/R2 +1/ R3 +...
Егер екі кедергі параллель (1.6-сурет) қосылатын болса, онда:
1/Rж 1/ + 1/R2/R3 +...
Кедергілерді параллель қосу
Кедергілерді параллель қосқан кезде жалпы резистор шамасы кедергісі ең аз кедергі шамасынан аз және келесі формула арқылы табылады:
1/Rж = 1/R1 + 1/R2 +1/ R3 +...
Егер екі кедергі параллель (1.6-сурет) қосылатын болса, онда:
1/Rж 1/ + 1/R2/R3 +...
1 кОм/2 Вт 1 кОм/2 Кт 1 кОм/2 Вт
Rж = 3 кОм/6 Вт
1.6-сурет. Кедергілерді параллель қосу схемасы
R1 * R2
Rж =
R1 + R2
Мысалы, R1= 20 Ом және R=30 Ом екі кедергі параллель қосылған. Жалпы кедергісін табу қажет. Ол үшін жоғарғы формулаға мәндерін қоямыз:
R1 * R2 20*30
Rж = = = 12 Ом
R1 + R2 20+30
Шамасы және қуаты бірдей кедергілерді параллель қосқанда олардың қуаттары қосылады да, жалпы бір жоғарғы шашыранды қуатты кедергі алынады. Егер кедергілер бірдей болмаса, онда қай кедергінің шамасы көп, сол кедергіде көп қуат бөлінеді. Сонымен, кедергілерді параллель қосқанда, олардың жалпы кедергісі азаяды, ал қуаты көбейеді.
Кедергілер реостат, кернеу бөлгіш қондырғысы, потенциометр қызметтерін атқарады.
Реостат – ол резистор, оның мәні өзгеріп отырады. Реостаттар қай жерде кедергіні нөлден бастап белгілі шамаға дейін өзгерту қажет болса, сол желілерде пайдаланылады. Негізгі параметрлері – максималды кедергі шамасы мен максималды шашырау қуат шамасы.
Кернеу бөлгіш қондырғысының негізгі қасиеті шығыс кернеуінің шамасы R1 және R2 кедергілерін таңдау нәтижесінде кіріс кернеуінің бір бөлігін көрсетеді (1.7-сурет).
Потенциометр – бұл үш шығысы бар айнымалы резистор (1.8-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |