Сабақ тақырыбы: Кегельринг Күні



Дата19.01.2023
өлшемі0,7 Mb.
#61888
түріСабақ
Байланысты:
4 урок Кегельринг (1)


Пәні:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»

Мұғалімі:

Үсіпбекова Назерке Дәуренбекқызы

Сынып:

4

Сабақ тақырыбы:

Кегельринг

Күні:




Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

4.5.1.1 түс датчигін қолдану;
4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • кегельринг атауымен танысу

Оқушылардың басым бөлігі:

  • жарыс ережелері туралы біледі

Кейбір оқушылар:

  • түс датчигі мен ультрадыбыс датчигін қолдану арқылы кегельринг жобасын жасау.

Жоспар

Іс-әрекет реті

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Мағынаны таны



Біз жарыстың алуан түрі болатынын білеміз. Мысалы, спорттық жарыстар және ғылыми жоба, олимпиадалар т.б. жарыстардың түрлері өте көп. Кез келген жарыстың мақсаты – жеңімпазды анықтау. Сол сияқты роботтар арасында да жарыстар болады. Робототехникадағы жарыстардың бір түрі кегельринг деп аталады. Бұл жарыстағы роботтың мақсаты – сақина шеңберінен (ринг) кегельдерді аз уақыт ішінде итеріп шығару (35-сурет). Кегельрингке қатысу үшін робот ультра дыбыс және түс датчиктерімен жабдықталады.
Кегель – кегельрингтегі міндетті атрибуттардың бірі. Кегельге салмағы аз, көлемі шағын белгілі бір заттарды қолдануға болады. Мысалы, шырыннан босаған қаңылтыр ыдыстар, боулинг ойынында пайдаланатын ойыншықтар, легодан құрастырылған бағандар т.б. Ең бастысы, заттар тұрақты және түс дат чиктері оларды анықтай алатындай болу керек.
Кегельрингтің бірнеше түрі бар: – кегельдердің түстерін тану ойыны (белгілі бір түстегі кегельдерді ғана ығыстырып шығару керек); – кегельдің орналасқан жерін тауып, ығыстыру ойыны және т.б.
Жарыс ережесі

  1. Робот рингте орналасқан барлық кегельді аз уақыт ішінде оның сыртына итеріп шығару қажет.

  2. Роботты рингтің ортасындағы орынға орналас -тырады.

  3. Рингтің шекара сызығынан 12–15 см қашықтықта 8 кегель қойылады.

  4. Робот кегельді қара сызықтың сыртына шығарып тастаса, төреші кегельді итерілді деп есептеп, рингтен шығарады




Интернет,
Презентация

«Ақпараттық-коммуникация лық технологиялар» 4сынып, «Арман-ПВ» оқулығы





Жауап бер

Сұрақтар:

  • Кегельринг дегеніміз не?

  • Кегельринг жарысының қандай шарттарын білесің?

  • Кегель ретінде нені пайдалануға болады?

  • Робот рингтің қай жеріне орналастырылады?

Орында

Тапсырма:
Бокс алаңы мен кегельринг өткізетін алаңның ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыр.




Болашақта қандай мамандарды роботтар алмастыруы мүмкін? Интернеттен іздестіріп, хабарлама жаз.

Рефлексия



Мен бүгін ___________ білдім




Мен енді ______________ білемін. (бағалау критерийлеріне сәйкес)




Мұғалімнен кері байланыс (ауызша кері немесе жазбаша ұсыныс)








Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет