Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Не құнды?» тренингін өткіземін
Оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды. Не құнды ? екенін сыни ойлана отырып жауап береді (Мыс: отбасы құнды, білім құнды, уақыт құнды, салт- дәстүріміз құнды.)
Топқа бөлу
Сыныпты 2 топқа бөлу, сыныпта 8 оқушы , әр топ 4 оқушыдан болады.
Сынып оқушылары пазлдар арқылы топқа бөлінеді: «Жеті» және «үш» тобы болып бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау. Жұптық тапсырма.
1. «Мозаика» әдісі бойынша кеспе қағаздардан сөйлемдер құрау.
2. «Сұрақ- бізден, жауап –сізден»:
1 Енші дегеніміз не?
2. Жасау дегеніміз не?
3. Жерұшық қандай дәстүр?
1. Оқушылар кеспе қағаздардағы сөздерден сөйлем құрайды.
І. Білу,тану
1. Кіріспе.
7 және 3 сандарының сыры туралы ой бөлісу. Қазақ халқында жеті, үш сандары киелі деп есептелген.
ІІ. Түсіну (топтық тапсырма)
І топ «Жеті» тобы: Қазақ халқының ұғымында жеті санының қасиетті, киелі сан екендігін білесіңдер ме?