ІІ топ: «Үш» тобы: Үш санына байланысты не айтар едіңдер?
І топ « Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті ата, жеті ұрпақ, жеті байлық сөздері пайда болған, 17- ғасырда Тәуке ханның
«Жеті жарғысы» да жеті санының қасиеттігіне байланысты болғанын айтады.
ІІ топ Үш санына байланысты әр түрлі мәліметтер айтады. Мысалы: Үш із, үш ғайып, үш алыс, үш арсыз, үш байлық, үш мақсат , үш би т.б.
ІІІ. Қолдану
«Ашық микрофон»
Диалог орнату мақсатында жеті қазына туралы оқушылармен сұхбат.
Жеті қазынаны білмейтін қазақ баласы жоқ деп ойлаймын. Соның негізінде ұлттық арнамыздан тілші келіп отыр. Бірнеше сұрақтар қояды.
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Жеті қазынаға нелер жатады?
Осы ұғымдарды жеті қазынаға жатқызу себебі неде деп ойласыңдар?
Тағы қандай басқа санға байланысты ырым, нанымдар білесіңдер?
Сергіту сәті
Бейнефильм көру. «Сандар сыры»
Әр оқушы өзіне ұнайтын сан ойлап, бейнефильмнен өзі туралы мінездеме тыңдай алады.
ІҮ.Талдау
Оқулықпен жұмыс.
1.1,2 тапсырмаларды орындау.
2. Сатылай кешенді талдау жасау.
I тапсырма: «Үш» тобы :
М. Мақатаев туралы айтып беру.