ҚР Білім беру стандарты, пән бағдарламасы, Қазақ тілі оқулығы-
9 сынып.
Авторы: Артыкова Т.М., Боранбай М. Б. http://bilimkozy.idhost.kz/1600-sabak.html
Жалпы мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Киелі сандар сырын ашу, сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың білімдерін тиянақтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.
3. Тәрбиелік: Оқушыларға өз елін қастерлеуге, халық дәстүрін , Отанын сүюге , қазақтың киелі, қасиетті сандарын есте сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер:
Блум таксономиясы бойынша сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдіс- тәсілдері
Күтілетін нәтиже
Халықтық ырымдарды, болжамдарды, тұжырымдарды қажеттілігіне қарай өз тәжірибесіне пайдалануға тырысады.
Сандар сырын білуге құштарлығы артады.
Тапсырманы орындағанда бастапқы біліміне сүйеніп, алға қарай да өмірде пайдалану;
Өз бетімен білім алуға мүмкіндік туғызу;
Сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туғызу.
Негізгі идеялар
Оқушыларға қазақ халқының дәстүрлерін сандар арқылы үйрету. Сандар сырын білуге құштарлығын арттыру.
Дереккөздер
Интернет деректері, бейнефильм , сайттар, ресурстар