Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Жұмыс орнында техникалық қауіпсіздікті сақтау


Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей



бет2/3
Дата19.06.2023
өлшемі24,38 Kb.
#102179
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Әдістемелік нұсқау №1

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.

  • Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

  • Оқытушының рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.



Студент компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.


Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

  • Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.



Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.

  • Көз жаттығуларын білу міндетті.



Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, оқытушыға хабарлау керек;

  • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет