Тері жамылғысы. Сүт қоректілер түрлі ортада тіршілік етуі-не байланысты тері жамылғысының құрылысы басқа омыртқалылармен салыстырғанда анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың тері жамылғысы сыртқы — эпидермистен, оның астыңғы қабаты.— кутистен немесе нағыз теріден тұрады. Эпидермис өз тарапынан екі қабаттан тұрады. Бірінші — төменгі қабатын — мальпигиев немесе өсу қабаты деп атайды. Ол қабаттың клеткалары цилиндр немесе кубик тәрізді болады. Бұл қабаттың үсті жалпақтау келген клеткалардан тұрады. Олар біртіндеп ішкі қуысына кератогиалиннің толуына байланысты мүйізденген өлі клеткаларға айналады. Бұл қабаттың үстіңгі клеткалары біртіндеп қайызғақ түрінде, немесе кесек (лоскут) қабат түрінде (тюленьдерде) түлеп түсіп отырады.
Сүт қоректілердің барлығының дерлік денесінің сыртын қап-тап тұратын түк болады. Кейбір түрлерінде (кит, дельфин т. б.) түк тіпті болмайды. Болса рудимент түрінде ғана сақталған.
Оның непзгі плеріне: мамық түк немесе түбіт, қылшық, сезгіш түк немесе вибристар т. б. жатады.
С е з г і ш — түктердің атқаратын әрекеті түрліше болады. Оны сезімтал мұртша деп те атайды. Бұлар жануардың бас, мойын және төс бөлімдерінде орналасады. Құрсақ бөлімі ағашқа тиш қозғалатындарында (тиндерде) мұндай түк бауыр жағында болады. Түк қалтасының түбінде және оның керегесінде вибристердің басқа затқа тигенін сезетін нерв талшықтары болады.
Мүйізді туындыларға сиырдың, ақбөкеннің, ешкінің, қойдың мүйізі жатады. Ал, бұғының мүйізі мұндай туынды емес, кутис пайда болатын сүйекті зат.
Тері бездері өзінің құрылысына және атқаратын қызметіне қарай — тер, май, иіс
және сүт бездері болып бөлінеді.
Иіс бездері — тер немесе май бездердің түрінің өзгерген түрі болып саналады.
Сүт бездері — түтік пішінді болады. Клоакалы сүт қоректілердің (үйрек тұмсықтардың, ехидналардың) сүт бездері түтік сияқты болады.
Ет системасы— өте жақсы жетілген және көптеген бұлшық еттер жіктеліп, өз алдына орналасқан. Құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөліп тұратын диафрагманың (көк ет) болуы, жалпы еттердің қызметін сипаттайды. Бұл ет көкірек қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып, сүт қоректілердің тыныс алу процесін жеңілдетуге көмектеседі. Тері астындағы ет қабаты жақсы жетілген. Ол терінің кез-келген жерін қозғалысқа келтіре алады. Кірпілер мен кесірткелерде мұндай ет денесін жиырып, домалалып қалуына көмектеседі. Сол сияқты кірпілер мен жайралардың инелерін жыртқыштардың түктерін, вибристарын тікірейтуге көмектеседі. Приматтарда мұндай ет бет бөлімінде болады, оны мимикалық еттер деп атайды.