1931 ж.- Фаулер термодинамикaның нолінші заңын ашқан: Егер А және В системасы С системасымен жылулық тепе-теңдікте болса, онда әрбір А және В системасы да бір-бірімен жылулық тепе-теңдікте болады.
Термодинамиканың екінші заңы өздігінен жүретін процестердің жағдайларын, бағытын және жүру шегін анықтайды. Бұл заңға статистикалық сипат тән, яғни термодинамиканың екінші заңы бөлшектерінің саны өте үлкен системаларға, макро жүйеге қолданылады және берілген жағдайда өздігінен жүретін процестердің ең мүмкін болатын бағытын көрсетеді.