Уақыты
Сабақтың басы
7 мин.
Сабақтың ортасы
29 мин.
Сабақтың соңы
9 мин
|
Педагог әрекеті
Пcихологиялық ахуал.
«Aйнa» cтpaтeгияcы.
(бір-біріне қарап жылы сөздер айту)
Ой шақыру.
Орхон – Енисей ескерткіші қашан және қайда табылған? Оларды кім тапты?
Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш “кілтін” тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды?
Бүгінгі күні ескерткіш көшірмесі еліміздің қай қаласында орналасқан?
Күлтегін жыры неге жазба ескерткіші деп аталады?
Оқушылардың жауабы тыңдалады және сабақтың мақсаты мен жетістік критерийі таныстырылады.
Топқа бөлу:
Күлтегін, Білге қаған, Тоңұқұқ
Кейіпкерлер бойынша 3- топқа бөлінеді
Мағынаны тану. «Жұптас, бөліс, топтастыр» әдісі
Әр топқа шығарма бойынша жеке кейіпкерлер беріледі.
Күлтегін – 1-топ Білге қаған – 2-топ Тоңұқұқ – 3-топ
1 - тапсырма. Оқушылар алдымен жұпта автордың кейіпкерлерге мінездеме берген тұсын шығармадан анықтайды. (Мұғалім уақытты белгілейді және оны қадағалайды) Анықтаған мәліметтерін топта топтастырады. Топтастыруда төменгі кестені толтырады. Кестені тірек сөздер арқылы толтырады.
Тақырыбы
|
«Күлтегін» жыры
|
Кейіпкер
|
|
Автордың берген мінездемесі
|
|
Кейіпкердің іс-әрекеті
|
|
Өзіндік пікір
|
|
Құндылықтар
|
|
Бағалау критерийі:
Шығармадан автор берген мінездемені тірек сөздер арқылы табады
|
Кемінде бір кейіпкерді анықтайды
|
Автордың кейіпкерге берген мінездемесін табады, тірек сөздермен жазады
|
Кейіпкердің іс-әрекетін анықтап, тірек сөз арқылы жазады
|
Кейіпкерге байланысты өзіндік пікірді 2-3 тірек сөз арқылы білдіреді
|
Кейіпкер бойынан кемінде 3 құндылықты табады
|
Жұпаралық бағалау жүзеге асады.
2 – тапсырма. Оқушы төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады. Салыстырудан кейін жұмыстарына байланысты өз пікірін білдіреді.
Сәйкестендір.
Дұрыс жауап.
Бұмын қаған – Түркі қағанатын негізін қалаған
Елтеріс – түркі елін жалғастырған басшы
Білге – хан
Күлтегін — батыр
Тоңұқұқ – ақылшы, кеңесші
Қапаған – Елтерістен кейін таққа отырған адам
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Оқушы төмендегі кестені сәйкестендіріп шығады және дұрыс жауаппен салыстырады.
|
Берілген ақпараттарды сәйкестіндіре алады
|
Өз пікірін дәлелді жеткізе алады.
|
3 – тапсырма.Топтық жұмыс. «Венн диаграмассы» әдісі. Күлтегін батырға ақыл кеңес беретін Тоңыкөкті батырлар жырында батырларға ақыл- кеңес беретін тұлғалармен салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығына талдау жүргізіңіз. (Оқушылар белгілі бір батырлар жырын таңдай алады. Мысалы, «Қобланды батыр, «Алпамыс батыр» т.с.с)
Бағалау критерийі
|
Дескрипторлар
|
Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерге салыстыру жұмысын жүргізеді
|
«Күлтегін» жырындағы эпизодтар мен бейнелерді батырлар жырындағы эпизод пен бейнелер арқылы салыстырады
|
Ойларына шығармадан дәлел келтіріп айтады
|
Рефлексия.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.
Үйге тапсырма.
«5 минуттық эссе»
«Бүгінгі күннің Күлтегіндей батыры» тaқыpыбынa эссe жaзу.
|
Оқушы әрекеті
Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Оқушылар оқу мақсатымен танысады, өздеріне мақсат қояды.
|
Ресурстар
Интербелсенді тақтада. Қағаз қиындылары
Оқулық, жұмыс дәптерлері
Ватман
|
Бағалау
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын!
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын!
|