Сабақ Тақырыбы: Көлік түрлері Сынып: 6 «Б» Пән мұғалімі: А. А. Манапова



бет2/3
Дата16.02.2023
өлшемі45,27 Kb.
#68502
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Көлік түрлері

Әділқазылар алқасы :1)
2)
3)
Ал екі топқа да сәттілік тілеймін.

1 Көшеде жүру ережелеріне арналған мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрату.


Сұрақ - жауап әдісімен оқушылар білімін толықтыру:
- Балалар, бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз?
- Қала, ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды?
-Адамға көлік не үшін керек? Қандай көлік түрлері бар?
-Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен?
-Дұрыс айтасыңдар.Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және оларға жегілген екі дөңгелегі бар арбалармен қатынасқан.Кейінірек адамдар двигательді ойлап тапты.Уақыт өте келе көліктің сырт көрінісі өзгеріп,двигателінің қуаты арта түсті. Жерде жедел жәрдем,өрт сөндіруші көлігі,экскаватор,автобус,қар күрейтін машина,бульдозер т.б көліктер жүреді.


  1. «Орнын тап»

Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді,судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді ілейік.

-Балалар, біз шаршаған шығармыз Сергіту сәтін жасап алайық.


Сергіту сәті. Мен заттардың атауын айтамын, егер олар ұшатын зат болса, қолдарыңды көтересіңдер.
Трамвай, кітап, құс, адам, ұшақ, көбелек, терезе,тікұшақ,ара, мысық, үй.


  1. Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрастыру.

Темір жолмен трамвай,пойыз жүреді.
Ауамен ұшақ, тікұшақ, зымыран ұшады.
Алғашқы автобус 20 ғасырдың басында пайда болды.
Біз қаламызда метромыз болғанына қатты қуандық.
Жүргізуші көлікті асықпай, баппен жүргізеді.
Машина жолымен емес, жаяуға арналған жолмен жүр.
Жол бойында шаңғы, коньки, шана теппе.
Қазақстанда троллейбус алғаш рет 1944 жылы Алматы қаласында жүре бастады.

4- аялдама. Тест тапсырмалары.
1. Әуе көлік түрін көрсетіңіз.
А) пойыз;
В) тікұшақ;
С) автобус;
Д) трамвай;
Е) такси.
2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз.
А) велосипед
В) әткеншек
С) есек
Д) мәшина
Е) түйе
4. «Жаяу» деген сөзбен тіркесе алатын сөзді белгілеңіз.
А) автобус;
В) сыпырғыш;
С) жүргінші;
Д) бағдаршам;
Е) мәшина
5. Жолаушы автобуста не төлейді?
А) салық;
В) жолақы;
С) еңбекақы;
Д) кітап;
Е) сурет
6. Мөлшер үстеуді табыңыз.
А) ертең;
В) біршама;
С) біріңғай;
Д) кеше;
Е) бүгін

7. Қоғамдық көлікті анықтаңыз.


А) такси;
В) тікұшақ;
С) трамвай;
Д) жылқы;
Е) велосипед.

8. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек.


А) жолын;
В) тәртібімен;
С) ережесін;
Д) оқу;
Е) есте сақтау.

9. Жүкті кранның ілгегіне ілетін адамды кім деп айтады?


А) такелажшы
В) краншы
С) жүргізуші
Д) ілуші

10. Троллейбусты басқаша қалай атауға болады?


А) «Сымды көлік»
В) «Өзі жүретін»
С) «Электрлі көлік»
Д) Е) «Ұшатын көлік»





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет