Сабақ Тақырыбы: Көлік түрлері Сынып: 6 «Б» Пән мұғалімі: А. А. Манапова



бет3/3
Дата16.02.2023
өлшемі45,27 Kb.
#68502
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Көлік түрлері

Шағын көрініс көрсету.



І топ. Жүргізуші автобус айдайды. Аялдамаға тоқтағанда әже отырады.
Бала оған орын бермейді. Сенің айтар ақылың........
ІІ. Топ. Жол үстінде бір топ балалар футбол ойнап жатыр. Сен автобус жүргізушісің, сенің балаларға айтар ақылың......

  1. Жұмбақ шешу.

1. Ала таяқ ұстаған,


Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен (Милиционер)
2.Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген(Жол)_4._Жоқ_өзінде_бас_та_,_ауызда_да_,_құлақ_та_,_Бақырайған_үш_көзі_бар_бірақ_та._(Бағдаршам)'>. (Жол)
4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
5. Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
6. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

7. Қазша қанатын жаяды


Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады. (Ұшақ)

8. Күндіз - түні күрсінеді,


Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)
9. Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, жол жөнейді. (Трамвай)

10. Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады. (Дөңгелектер)

-Өте жақсы,балалар! Ал енді әділқазылар жеңімпаздарды анықтағанша біз «Дауысынан тап»ойынын ойнайық.
Үнтаспадан көлік түрлерінің(пойыздың гудогі,ұшақтың,кеменің,жылқының,тікұшақтың,мотоциклдің) дыбыстары естіледі.Балалар қандай дыбыс естігендерін қайталап,қандай көлік түрінің дыбысы екендігін табады.
Сабақты қорыту. Оқушылар білімдерін салыстыра бағалау, мадақтау
Бүгінгі сабағымыз ұнады ма сендерге балалар? Біз бүгін не үйрендік, не білдік?


Үйге тапсырма:, жұмбақтар жаттау, эссе жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет