Гликогеногенез және гликогенолиздің реттелуі. Гликоген
метаболизмін
бақылайтын
негізгі
ферменттер
–
гликогенфосфорилаза және гликогенсинтетаза. Бұл ферменттер фосфорлану
мен
дефосфорлану
арқылы
аллостерикалық
және
ковалентті
модефикацияланып реттеледі.
1.Бауырда фосфорилаза активті және активсіз формада болады. Активті
фосфорилаза (фосфорилаза α), фосфорилденген тетрамер. Арнайылылығы
бар фосфатазаның әсерінен серин қалдығынан фосфаттың гидролитикалық
бөлініп шығуы нәтежесінде фосфорилаза активсіз фосфорилазаға (димер)
айналады.
Активсіз β фосфорилаза активті а фосфорилазаға айналу үшін киназа
фосфорилаза ферменті әсерінен фосфорлануы қажет. Активсіз Т-күйдегі
фермент пен активті К-күйдегі ферменттің ара қатынасы бұлшық ет
клеткасының энергетикалық зарядымен анықталады. Глюкоза-6-фосфат және
АТФ ферменттің активсіз Т-күйін тұрақтандырады. Фосфорилаза а АМФ пен
АТФ-тің және глюкозо-6-фосфотазаның концентрациясына тәуелсіз,
сондықтан әрдайым активті. Тыныштықта фосфорилаза басым болады, ал
жұмыс кезінде АМФ в ферментті активті а формасына ауыстырады.
2.Киназа фосфорилаза фосфорланған активті және фосфорланбаған
активсіз күйінде болады. Активті формасының активсіз күйге өтуі фосфор
қышқылының қалдығы алып тастау арқылы жүзеге асады. Киназа
фосфорилазаны активтеу протеинкиназа ферментінің қатысуымен жүреді.
3.Гликогенсинтетаза ферменті – фосфорланған және фосфорланбаған
түрінде болуы мүмкін. Ферменттің фосфорланбаған формасы активті -
гликогенсинтетазаны активсіз в формасына ауыстыру үшін фосфор
қышқылының қалдығын серин қалдығына жалғау қажет. Бұл реакцияны
протеинкиназа катализдейді. Активсіз б-гликогенсинтетазаның активті а
формасына айналу реакциясы, яғни фермент молекуласындағы серин
қалдығынан фосфор қышқылының қалдығын үзіп алу, протеинфосфатаза
ферментінің қатысуымен өтеді.
4.Протеинкиназа 4 суббірліктен тұрады. (тетрамер) - 2 реттеуші (R) және
2-і каталитикалық (С) R
2
С
2
комплексте фермент активсіз және циклды АМФ
(ц АМФ) әсерінен активтенеді. Әрбір протеинкиназа ферментінің реттеуші
суббірлігіне 2 молекула цАМФ жалғасады, осылайша каталитикалық
суббірліктер диссоциацияланып, босап шығады.
R
2
C
2
+4цАМФ 2С+2 (R-2цАМФ)
Активті протеинкиназа фосфор қышқылының қалдығын АТФ –тан
арнайы белоктарға (ферменттерге) жалғау арқылы активті формасына
айналады.
5.цАМФ (3
/
,5
/
-АМФ) АТФ-тен түзіледі. Реакцияны мембрананың ішкі
бетінде орналасқан аденилатциклаза катализдейді. Аденилатциклаза
мембрананың
сыртқы
бетінде
орналасқан
гормондарға
арналған
рецепторлармен жалғасқан.
6.Фосфодиэстираза ферменті фосфодиэфирлік байланысты үзу арқылы
цАМФ-ті АМФ-ке айналдырады.
Ашыққанда немесе стресс жағдайында глюкозаға деген қажеттілік
артады. Бұлшық етте адреналин әсерінен, ал бауырда глюкагон және
адреналин әсерінен аденилатциклаза фермент активтенеді, нәтежесінде
цАМФ түзіледі. цАМФ протеинкиназаның R-суббірлігімен байланысып оны
активтендіреді. Активті протеинкиназа в киназа фосфорилаза фосфорлау
арқылы активтендіріп киназа фосфорилазаға айналдырады.
Киназа фосфорилаза а гликогенді ыдыратады. Ертеректе инсулин
аденилатциклазаны ингибирлейді және фосфодиэстеразаны активтейді. Бұл
цАМФ-тің концентрациясын азайтады деп есептеген. Протеинкиназа, киназа
фосфорилаза және фосфорилаза активсіз формада қалған, бұл гликогеннің
ыдырауын тежейді. Осылайша жоғары дәрежелі амплификация түзететін
ферментативті реакциялардың каскады пайда болады. Гликогеннің
ыдырауын – 3 ферментативті саты арқылы қадағалайды, ал синтезі 2
ферментативті саты арқылы бақыланады.