Сабақ Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата25.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#45260
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19


№5 практикалық сабақ 
 
Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Анаэробты гликолиз. Кори циклы. 
Глюкозаның аэробты тотығуы. Пентозофосфатты жол. Гликогеннің 
алмасуы. Қанның құрамында глюкозаның реттелуі. Көмірсу 
алмасуының бұзылуы. 
 
 Сабақ жоспары: 
 
Көмірсулар алмасуы............................... 
Көмірсулардың қорытылуы........................................................ 
Моносахаридтердің ішекте сіңірілуі..................... ................... 
Глюкозаның метаболизмі........................................................... 
Гликогеннің синтезделуі мен ыдырауы.................................... 
Анаэробты гликолиз................................................................... 
Аэробты гликолиз....................................................................... 
Көмірсу алмасуының бұзылыстары.......................................... 
 
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Студенттер көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі жөнінде, бауырда 
гликогеннің синтезделуінің және жұмсалуының физиологиялық маңызын, 
сонымен қатар қандағы глюкозаның деңгейін реттеуші негізгі процесстердің 
бірі екендігі жөнінде, гликолиз кезінде жүретін реакциялардың мәнімен 
ретілігін, глюкозаның реттелуі және көмірсу алмасуларының бұзылу 
жолдары туралы түсінік қалыптастыру. 
 
Сабақтың мазмұны: 
 
КӨМІРСУЛАР АЛМАСУЫ 
Көмірсулар 
Көмірсулар табиғатта ең көп тараған органикалық заттар. Олардың 
мөлшері өсімдіктердің құрғақ салмағына шаққанда 80-90%. Көмірсулар 
жануарлар салмағының 2% құрайды. Қандай мөлшерде болмасын 
олардың тірі организмдердегі атқаратын қызметі жағынан және зат 
алмасуда алатын орны үлкен. Көмірсулар жасыл өсімдіктерде жүретін 
фотосинтез реакциясының нәтижесінде пайда болады және тыныс алу 
процесінің негізгі субстраты, ал тыныс алу кезінде энергия бөлінеді, яғни 
көмірсулар энергия көзі болып табылады. 
Көмірсулар 
организмдегі 
көптеген 
органикалық 
заттарды 
синтездеуге қатысады, атап айтсақ, нуклеин қышқылдары, органикалық 
қышқылдар, ал олардан әрі қарай аминқышқылдары түзіледі, одан 
белоктар, құрамында азоты бар көптеген биоорганикалық заттар 


синтезделеді. Көмірсулардың тотығуынан шыққан өнімдерден липидтер 
түзіледі. 
Бірқатар көмірсулар өсімдіктер мен бактерия клеткасының қаңқасын 
құрайды. Мысалы, өсімдіктер клеткаларының қабығы целлюлозаның 
(клечатка) мықты талшықтарынан тұрады. Оларға: полисахаридтер-
гемицеллюлоза, пектин, лигнин жатады, және бактерия клеткаларының 
сыртқы қабығы, барлық тірі организм клеткаларының мембранасы 
полисахаридтердің қатысуымен түзіледі. Тіптен жәндіктер мен шаян 
тәрізділердің сыртқы қаңқасын жасауға да көмірсулардың қатысы бар. 
Көмірсуы бар қосылыстар молекулалар мен клеткаларды бір-бірінен 
ажыратуға себеп болатын маркер ретінде, сонымен қатар адам қанының
қандай топқа жататын анықтаудағы қызметі, ас қорытудағы
өсімдіктердегі устица клеткаларының ашылып жабылуы (яғни оны 
реттеуі), әр түрлі улы заттарды, бактерия клеткаларын, вирустарды
гормондарды байланыстыруы, нерв ұлпаларындағы рецепторлық қызметі 
т.б. келтіруге болады. Сонымен қатар қор заты ретінде де жиналады. 
Адам мен жануарларда гликоген, өсімдіктерде крахмал мен фруктозалар, 
олар организмге қажет жағдайда біртіндеп жұмсалынып отырады. 
Көмірсуларды 3 топқа бөледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет