Сабақ Тақырыбы: «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу»



Дата13.06.2023
өлшемі15,81 Kb.
#100851
түріСабақ
Байланысты:
Алгебра 7 сынып.Ашық сабақ


Ж.Жабаев атындағы №5 мектеп – гимназиясы
Ашық сабақ


Тақырыбы: «Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу»
Өткізген: Галламова Нұржамал Маратовна
Сыныбы: 7 «Ж»

2023 жыл
Жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қайталай отырып есеп шығару біліктіліктерін пысықтау;
Дамытушылық: Оқушыныңиой – өрісін, сана – сезімін қалыптастыру, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау;
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест тапсырмалары салынған слайдтар.
Жаңа технология түрі: деңгейлеп–саралап оқыту
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысы мен дайындықтары тексеріліп, сынып үш топқа бөлінеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың үй тапсырмасын тексереді.
3. «Танымдық» сайысы. Сұрақ жауап
4. «Ойлан, тап» Ауызша есептеу.
5. «Біліктілік сайысы» Тестік жұмыс.
6. «Кім жылдам» сайысы. Есептер шығару
7. Топ жетекшілерінің сайысы. Оқулықпен жұмыс
8. Логикалық сұрақтар. Сергіту сәті
9. Бағалау, қорытындылау
10. Үйге тапсырма
3. «Танымдық» сайысы.
1. Көпмүше дегеніміз не?
2. Көпмүшенің дәрежесі дегеніміз не?
3. Көпмүшенің мүшелері дегеніміз не?
4. Көпмүшелерді қалай қосамыз?
5. Бір көпмүшеден екінші көпмүшені азайту дегеніміз не?
6. Бірмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту дегеніміз не?
8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не?
9. Көпмүшені көбейткіштерге қалай жіктейміз?
4. «Ойлан, тап» Ауызша есептеу.
1. 2а(2а – 3);
2. 5а+(13 – 2а);
3. 7 – (3с+4);
4. (4в+1) – 4в;
5. 2х (2х+3х – 6);
6. (3у – 5 )2у;
5. «Біліктілік сайысы» Тестік жұмыс.

1. Ұқсас бірмүшені көрсет:


1) 7ху; 2) -15; 3) 3ху; 4) -15ху;
А. 1, 3 Ә. 1, 2, 3, 4 Б. 1, 3, 4
2. Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 5с+а;
2) 6х+ у+1;
3) 7с2в2;
А. 1,2 Ә. 3 Б. 2,3
3. Берілген көпмүшені стандарт түрде жаз:
5·3у² - 3у3·5+9а²
А. 25у² -1,5у²+9а² Ә. 8у-15у²+9а² Б. 15у² -15у3+9а2
4. Жақшаны ашып, ұқсастарын біріктір:
13+(5в – 13)
А. 26+5в Ә. 5в Б. -5в +26
5. Ықшамда:
11х –(3 – 7х)
А. 18х – 3 Ә. 4х+3 Б. 4х – 3
6. Көбейтуді орында:
7(с+2)
А. 7с+2 Ә. 7с Б. 7с+14
7. Көбейтуді орында:
2а2(5 – а )
А. 10а2 – 4а2 Ә. 10а2 – 2а3 Б. -10а3
6. «Кім жылдам» сайысы. Есептер шығару
1. Көбейткіштерге жікте:
а) с(а – в)+d(а – в); ә) х(у+к)+z(у+к); б) 2(с – 1)+у(с – 1);
2. Көбейтуді орында:
а) (а+в)(х-у); ә) (а+в)(а+2); б) (m –n)( p+q)
3. Көбейткіштерге жікте:
а) ах+ау+вх+ву; ә) ав+2в – 2а – 4; б) 3х – 3у +ах – ау;
7. Топ жетекшілерінің сайысы
Оқулықпен жұмыс
3 деңгей жаттығулары орындалады
№145, №146, №148
8. Логикалық сұрақтар
Сергіту сәті
1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғай атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды?
2. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде12 км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді?
3. 2,5 таяқтың неше ұшы бар?
4. Ұшақ екі қаланың арасына 1 сағат 20 минут ұшады. Ал қайтарда осы аралықта 80 – ақ минут ұшты. Бұл қалай?
5. Тауық бір аяғымен тұрғанда 4 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болар еді?
6. 20 минут 1 сағаттың қандай бөлігі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет