Мектеп миссиясы: Зияткерлік әулетке ие көшбасшыларды өмір бойы білім алуға дайындау және шабыттандыру
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1А
Школа: Ақтау қ. ХББ «НЗМ»
Күні:
Мұғалімнің Т.А.Ә.: Галустян А.А.
Класс: 10
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:
Кристалдық торлар 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.1.4.13 Қосылыстардың кристалдық торлардың типтері мен байланыс түрлеріне қарай қасиеттерін болжау;
Сабақ мақсаттары
Иондық, атомдық, молекулалық және металдық кристалдық торлардың қасиеттерін білу;
Ковалентті, иондық, атомдық, молекулалық және металдық торлардың құрылымдарын сыза білу.
Жетістік критерийлері
- кристалдық торлардың типін анықтау;
- тор түйіндеріндегі бөлшек түрлерін анықтау;
- заттардың физикалық қасиеттерін сипаттау;
- тор түрлеріне қарай олардың қасиеттерін анықтау;
- заттарды тор типтеріне қарай ажырату және мысал келтіру.
Сабақ барысында мектеп құндылықтары жүйелі түрде енгізіледі. Ол сабақтың ажырамас бөлігі болып саналады. Мысалы:
Ашықтық. Оқушылар үшін ақпарат көзі ашық болып табылады. Олар өздерінің білгендерін өзге құрбыларымен де бөлісіп отырады.
Ынтымақтастық. Сабақ барысында топтық жұмысты орындағанда, берілген тапсырмаларды орындағанда олардың ынтымақтаса жұмыс істеуі маңызды.
Өмір бойы білім алу. Оқушылардан бүгінгі сабақтан алған білімдерін өмірде де қолдану мүмкіндігі айтылып өтіледі. Мысалы күнделікті қолданылатын металдан жасалатын заттар туралы айтылады. Әсіресе сырты мырышпен қапталған металл бұйымдарының көп екендігіне назар аударылады.
Сәлемдесу.
- оқушылардың назарын аудару
Фронтальды әңгімелесу:
1) Қандай химиялық байланыс түрлерін білесіңіз?
2) Келесі қосылыстардағы химиялық байланыс түрлерін анықтаңыздар (нұсқа бойынша):
1) NaCl, CO2, I2 ; 2) Na, NaOH, H2S .
3) Химиялық байланыс түріне тәуелді заттың қасиеті өзгеретіндігіне бірнеше мысал келтіріңіздер.
Сабақтың ортасы
3-15мин
16-25 мин
26-30 мин
31-37 мин
1. Төрт топ құрылады.
2. Топтарға кристалдық тор типтерін және кристалдық тор типіне қарай заттардың қасиеттері қалай өзгеретіндігін зерттеу тапсырмасы беріледі; мини жоба («molymod» жиынтығы көмегімен кристалдық тор типтерін құрау) дайындау және әрбір топ дайындаған мини жобасын сынып алдында қорғау тапсырмасы беріледі:
1 топ – иондық кристалдық тор
2 топ – атомдық кристалдық тор
3 топ – молекулалық кристалдық тор
4 топ – металдық кристалдық тор
Сұрақтар қойылады, анықтайды, түзетулер енгізеді.
Барлық топтардық мини жобасы тыңдалғаннан соң, оқушылар келесі төмендегі кестені толтырады. Төрт түрлі крисалдық торлары мен олардың қасиеттеріне қарай оқушылар салыстырмалы кесте мен плакаттарды толтырады.: