- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттай алады;
- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтай алады;
- жұқа линза формулаларын қолданады.
- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттай алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: линзаныӊ бас фокусы, линзаныӊ фокустық қашықтығы, линзаныӊ фокальдық жазықтығы, линзаныӊ оптикалық күші. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Линза- екі сфералық бетпен шектелген мөлдір дене. Линзалардыӊ екі түрі бар: жинағыш және шашыратқыш.
Линзаны шектеп тұрған сфералық беттердіӊ центрлері арқылы өтетін түзу линзаныӊ бас оптикалық осі деп аталады.
Бас оптикалық осьтіӊ бойында және линзаныӊ центрінде жатқан нүкте линзаныӊ оптикалық центрі деп аталады. Жинағыш линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель жарық шоқтарын бағыттаймыз. Шоқтар линзадан сына өтіп бас оптикалық осьтіӊ бір нүктесінде жиналады. Бұл нүкте линзаныӊ бас фокусы деп аталады.
Құндылықтарды дарыту
Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.