Сәлемдесу, түгендеу Сабақ мақсатымен таныстыру Ой қозғауды «Ішкі, сыртқы шеңбер» стратегиясы арқылы жүзеге асыру. Жұқа линза формуласы қандай?
Линзаның оптикалық күші деп нені айтады?
Линзаның үлғайтуы дегенді қалай түсінесің?
Линзада кескін тұрғызу жолдары
Таратпа материал
12 мин
Оқушылардың теориялық материалды игеру деңгейін анықтау үшін тест тапсырмалары беріледі.
Мұғалім дұрыс жауаптарын айтады, ал оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Бір-біріне кері байланыс жасайды
Таратпа материал
Сабақтың ортасы
15 мин
. Оқушылардың теориялық материалды қолдану дағдысын дамыту үшін жұпта орындауға тапсырмалар беріледі
Деңгейлік тапсырмалар: Деңгейлік тапсырмалар: Фокус аралығы 12 см жинағыш линзадан нәрсенің шын және өзінен үш есе үлкейтілген кескін алу үшін, оны қандай қашықтыққа қою керек?
Май шам оптикалық күші 10 Дптр-ге тең жинағыш линзадан 12,5 см қашықтықта орналасқан. Кескін линзадан қандай қашықтықта орналасады және ол қандай кескін?
Нәрсе жинағыш линзадан 1,8 м қашықтықта тұр. Егер кескін нәрседен 5есе кіші болып шықса, линзаның фокус аралығы қандай?
Фокус аралығы 0,4 м болатын жинағыш линзадан, алынған кескін линзаның екінші жағынан 2 м қашықтықта болу үшін, берілген дене линзадан қандай қашықтықта болу керек?
Нәрсе линзадан 4F кашықтыққа орналасқан, оның экрандағы кескіні өзінен қанша есе кіші?
Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 3 м-ге тең. Нәрсенің 5 есе үлкейтілген кескінін алу үшін, оптикалық күші қандай линзаны алу керек ?