Сабақ Тақырыбы: Латын негізді қазақ әліпбиінің ережесі



бет3/6
Дата14.11.2022
өлшемі2,59 Mb.
#49997
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Ң – Ŋ


Ң дыбысын халықаралық фонетикалық әліпбиде бар Ŋ (энг) таңбасымен беру қажет. Мысалы: aŋşy, jaŋbyr, köleŋke
Фонетикалық негіздеме: Ŋ таңбасы мұрын жолды, үнді дауыссыз дыбысты (ң) белгілейді.
Әдістемелік негіздеме: Ŋ қолды үзбей жазуға ыңғайлы әрі жолүсті таңбаларын көбейтпейді. Сондай-ақ кирилнегізді қазақ әліпбиіндегі Ң графикасына ұқсас болғандықтан тез дағдыландырады;
Статистикалық негіздеме: қолданылу жиілігі, мәтінді қамту пайызы жоғары.

Ұ – Ū


Ұ дыбысын макрон диакритикасы арқылы Ū таңбасымен беру ұсынылады: Ūsynys, jūrnaq, maǵlūmat.
Графикалық негіздеме: Еріндік дауыссыз дыбыс [у] мен еріндік дауысты жіңішке [ү]-ні және жуан дауысты [ұ]-ны базалық бір әріппен, яғни U-мен таңбалап, өзара ажыратқан ыңғайлы. Сонда бұларды /U/, /Ū/, /Ü/ таңбалар қатарымен беру әліпбидің көзшалымдық та, қолдағдылық та тартымдылығын арттырады.
Статистикалық негіздеме: Ұ әрпінің У әрпіне қарағанда жиілігі төмен. Сондықтан оның диакритикасы /Ū/ көзшалымға қиындық тудырмайды. 
Педагогикалық негіздеме: «кирил жазуындағы Ұ әрпінің ортасындағы сызық латында осы дыбысты таңбалайтын әріптің үстінен қойылады» деп ассоциация арқылы үйрету /Ū/ графемасын тез танып, жазуға септігін тигізеді.

У – U


У дыбысын базалық латын әліпбиіндегі өз таңбасымен, яғни U таңбасымен беру ұсынылады: Universitet, qauyn, turızm.
Емлелік негіздеме: universitet, konstitusia сияқты термин сөздердің тұрпаты халықаралық қолданыстағы нұсқасына сәйкес келеді.
Графикалық негіздеме: Мәтін ішінде тез танылады, көзшалымға қолайлы.
Статистикалық негіздеме: У әрпінің Ұ әрпіне қарағанда жиілігі аса жоғары. Сондықтан диакритиканың көптігін тудырмас үшін У-ды диакритикасыз U-мен таңбалаған қолайлы.

Ш – Ş

    • Ш дыбысын Ş таңбасымен беру ұсынылды: Şaŋyraq, qaşyqtyq, alaş.
    • Фонетикалық негіздеме: седиль – әзірбайжан, өзбек, түркімен, түрік және т.б. тілдердің әліпбилерінде қолданылатын диакритикалық белгі. Бұл белгі негізінен тіл алды ызың, қатаң дауыссыз Ш дыбысын таңбалау үшін жиі қолданылады әрі халықаралық фонетикалық әліпбидегі стандарттық тұрпатына да сәйкес келеді. Сондай-ақ Ш дыбысын Ş таңбасымен беру «бір дыбыс - бір әріп» принципін сақтауға да толық негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет