Монограф саны: 31
Диграф саны: 0
Ұлттық тілдің 28 дыбыстың қамтуы: толық қамтиды Шеттілдік сөздегі дыбыс таңбасының болмауы: тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан тұрады
Орфографиялық жұмыс тобы талқысынан өтуі: өткізілді
Ää Öö Ğğ ŋ Üü Iı Ūū İi Uu Şş Ә – Ä, Ө – Ö, Ү - Ü Ә, Ө, Ү – жіңішке дауысты дыбыстарын умлаутпен ( ̈ ) таңбалау: älıpbi, örkeniet, ükımet.
Фонетикалық негіздеме: умлаут – түрік, әзірбайжан, түркімен, неміс, фин және т.б. тілдердің әліпбилерінде жіңішке дауыстылардың жеке таңбасын жасайтын диакритикалық белгі. Сондай-ақ халықаралық фонетикалық әліпбидегі стандартқа да сәйкес. Умлаут диакритикасын Ә – Ä, Ө – Ö, Ү - Ü дыбыстарын таңбалауда қолданған дұрыс: ädep, öner, Üsen.
Графикалық негіздеме: умлаут диакритикасының мәтіндегі танымдылығы жоғары. Бұл белгі UNICODE жүйесінде жиі қолданылады.
Ғ – Ğ
Ғ дыбысын бревис диакритикасы арқылы Ğ таңбасымен беру ұсынылады: ğaryś, jaŋğyru, ğylym.
Фонетикалық негіздеме: бревис – латын графикасы негізінде түркі халықтарының әліпбиінде қолданылатын диакритикалық белгі. Бұл белгі негізінен қысқа дыбыстарды таңбалау үшін қолданылады.
Графикалық негіздеме: бревис диакритикасының мәтіндегі танымдылығы жоғары. Бұл белгі UNICODE жүйесінде жиі қолданылады.
Іі – Іɪ; И,Й – İі
І мен Й, И дыбыстарын беретін таңбаларды өзара алмастыру және и-дің бас әрпін нүкте арқылы /İ/ түрінде таңбалау ұтымды: İnstitut, jinalys, universiada, Irımşık, ızgılık, bılım. Негіздемесі мынадай:
Емлелік негіздеме: И дыбысын İ таңбасымен беруде термин сөздер халықаралық тұрпатына ұқсас болады әрі көзшалымға қолайлы, мысалы, piramida, respublika;
Статистикалық негіздеме: І [і] дыбысы абсолюттік кездесу жиілігі 5 орында болатын қазақ тіліндегі өнімді дауысты дыбыс. Егер оның үстіне ноқат қойылмаса, яғни /Іɪ/ әрпімен жазылса, қазақ мәтінінде жолүсті таңбаларын көбейтпейді.