5) «Сиқырлы сандықша» Мақсаты:студенттердің білім, іскерлік дағдыларын дамыту.
Шарты: Мұғалім үлестірме материалдарын дайындайды: 3-ші деңгей күрделі есептер (көк жетондармен бағаланады); 2-ші деңгей – орташа есептер (жасыл жетондармен бағаланады); 1-деңгей - жеңіл есептер (қызыл жетондармен бағаланады).
“Сиқырлы сандықша” тапсырмалармен толтырылады, олардың саны студенттер санынан артық болады. Әрбір студент кезегімен тапсырма алып дәптерге орындайды да, жүйеге сәйкес тиісті бағасын алады. Ойын тақырып бойынша студенттердің алған білімдерін айқындауға, оны пысықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі тақырыптан алған білімдері мен әсерлерін әр топ есептер шығару арқылы түсінеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды.
2.3 Сергіту сәті
6)«Математика тарихын білеміз бе?» Мақсаты:тақырыпты өмірмен, тарихпен байланыстыру.
Шарты: бүгінгі тақырыпқа қатысты математика тарихынан берілген сұрақтарға жауап беру, студенттердің жауабы фишкалармен бағаланады.
1)Ғылым мен техникадағы туынды ұғымының мәні қандай?
2)Функцияның туындысын yˈ, fˈ(x) деп белгілеуді кім ұсынды?
3)Лагранж туралы не білесіз?
4)Туындылар туралы ғылымды жүйелі түрде дамытқан неміс математигі мен ағылшын физигін ата?
5)Лейбниц туралы не білесіз?
6)Флюента және флюксия деген не және ол ұғымды кім қолданған?
Студенттер математика пәнінің тарихына түседі.
Әр топтың лидері жинақталған мате-риалдарды айтып береді.