Ұлттық caнa-ceзімі қaлыптacқaн, ұлттық құндылықтaр мeн жaлпы aдaмзaттық құндылықтaрды өзaрa ұштacтыра алатын, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ресурстар мен технологияны меңгерге алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру
- Қайырлы күн, студенттер! Бүгінгі сабағымыз келе жатқан Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына арналады.
Видео материал. «ҚАЗАҚСТАН – ОРТАҚ ҮЙІМІЗ!» -Тақырыпқа көшпес бұрын, шаршағанымызды басу үшін, әдеттегідей, сергіту сәтін орындайық.
Сергіту сәті:«Қара жорға» биі
- Керемет! Ал енді, көтеріңкі көңіл күйімізді сабақ соңына дейін түсірмей тәрбие сағатын жалғастырайық.
- Қалай ойлайсыздар не себепті бүгін біз сергіту сәтіне «Қара жорға» биін қолдандық?
- Наурыз мейрамын тойлау қаншалықты маңызды?
Жақсы жауаптарыңызға рақмет. Айтылған жауаптарымызды ескере отырып, тәрбие сағатымыздың мақсатын айқындайық.
- Қане студенттер, келіңіздер ортаға жиналайық. Қазір кішігірім ойын өткіземіз. Мысалы, мен «бешбармақ» деп допты ортаға лақтырамын. Кім осы асты жақсы көреді тезірек ортаға шығып, допты ұстайды, тек ортадағы студенттер саны 5-тен аспауы керек. Ал,бастайық.