Топқа бөлу ойыны. Наурыз көже,бауырсақ,құрт,шұжық топтары құралады. -Дәмдік талғамдары бірдей оқушылар бір топ боласыздар. Топпен бірге орындарыңызға отырыңыздар.
-Слайдта берілген 4 фигураның біреуін топпен таңдау қажет.
-Жақсы, рахмет. Ал бұл фигуралар бекер таңдалған жоқ, әр фигураға қатысты тапсырма орындаймыз.
Сонымен, үшбұрыш таңдаған топ тиянақты,жауапты оқушылардан құралғандықтан, сіздер Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазақтың салт-дәстүрлері тақырыбында презентация құрасыздар.
Зигзакты таңдаған топ креативті, сөзге шешен оқушылардан құралғандықтан,сіздер imektep порталының көмегімен, Наурыз мейрамы жайлы өлең құрастырасыздар.
Дөңгелекті таңдаған шығармашылық,сыни тұрғысынан ойлай алатын топ The gimp немесе Inkscape бағдарламасында ұлттық тағамдардың суретін жасап шығаруларыңыз қажет.
Төртбұрыш таңдаған оқушылар сенімділік, нақтылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан сіздер ұлттық ойындар жайлы интернет көмегімен нақты, қызықты ақпараттар жинайсыздар. Сіздерге 20 минут уақыт беріледі.Бастаймыз.
-Уақыт аяқталды. Әр топ жұмыстарыңызды class room-ға жіберулеріңізді сұраймын.Ортаға шығып, өз тақырыптарымызды сыныпқа таныстырамыз. Әр топқа 3 минут уақыт.
Жұмыстарды таныстыру. -Барлық топтарға рахмет! Өте құнды ақпарат алдық.
Интерактивті тақта, ноутбуктар,интернет, The gimp немесе Inkscape бағдарламасы
Power Point бағдарламасы,
Gmail.com
https://imektep.kz/kz/shygarmashilik-zhumis
16.45-17.00
-Сабақты қаншалықты меңгергенізді тексеру үшін, ноутбугы жоқ оқушылар арбадан ноутбук алыңыздар.Барлығымыз kahoot программасына кіріп, өз-өзімізді бағалау үшін кішігірім тест өтеміз. Бастаңыздар.
-Жақсы,рахмет! Сонымен,қымбатты оқушылар, ұлттық құндылықтарды дамытып,жандандыру қажет, деген қорытындыға келе аламыз. Тарихқа көз жүгіртсек, біз дұшпанды басындырмаған, басынан сөз асырмаған рухты елміз. Сол рухымыздан таймай, еліміз бен жеріміз үшін жауапты болайық!Төл мерекеміз Наурыз мейрамы барлығымызға құтты болсын!Қазір сіздер қоғамның 20% ғана құрасаңыздар, ертең сіздер осы мемлекеттің 80% боласыздар. Болашақ сіздердің қолдарыңызда! Осыны ұмытпай, ұлттық рухты, жалпыадамзаттық құндылықты ұштастыра алатын саналы жастар болайық!
-Сабағымыз аяқталды, әдеттегідей, рефлексия тапсырып, бара берулеріңізге болады. Рефлексия сұрақтары:
- Не білдің? Нені үйрендің?
- Не түсініксіз болды?
Сау болыңыздар!