Сабақ тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»



бет3/4
Дата25.05.2023
өлшемі110,1 Kb.
#97091
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақтағы мақсаты:
8.1.4.1. Көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарастарын дәлелдеу үшін орынды қолдану
ТапсырмаТЖ. 4-топ. «Қазына іздеу» әдісі Шығармадағы қандай ұлттық құндылық дәріптелгенін анықтап, «Мәңгілік Ел»,”Рухани жаңғыру” идеясымен сабақтастырып,өз көзқарасыңды білдір.


Бағалау критерийі:

  • Көркем шығармадан алған үзінділерді түсінеді.

  • Шығарма үзінділерін өз көзқарастарын дәлелдеу үшін орынды қолданады .

Дескриптор:
1.Көркем шығармадан алған үзінділерді түсінеді.
2.Шығарма үзінділерін өз көзқарастарын дәлелдеу үшін орынды қолданады.
К.Б.Дескриптор арқылы топтар бір біріне кері байланыс жасайды
Сабақ тақырыбы: М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Сабақтағы мақсаты:
2.8.2.4.1.Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.
Қалаған тақырыбыңды таңдап креативті жазады.
1 . Адуынды жан екен алған жары:
– Жалғыз ұлдан артық па, жалған бəрі’!
Балам өлсе, бақыттың керегі не?!
Топан су басып кетсін қалғандарын.
Перзент сұрап несіне армандадың?!
Құрысын онсыз сенің жанған бағың!
Мылтықты əкел!
Атты ертте!
Жалған бəрі!-деп ана аттанайын деп жатқанда ананың шешімін өзгертетін бір оқиға қосып әңгіме жаз..

2. Шошымай шолжаң өскен батырларың,
Ана отырған шыршаға жақындады.
Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға,
Білмей қалды мылтықтың атылғанын –үзіндіні әрі қарай детективті оқиғаға айналдырып жаз.

3..Баланы өлімнен құтқаратын қиял -ғажайып ертегі не фантастикалық бір эпизод қосып оқиғалар желісін өзгерт .
4.Табиғаты сұлу ”Жетімкөлді” курорттық,туристік демалыс орнына айналдырудың бизнес- жоспарын жарнама түрінде ұсын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет