Сабақ тақырыбы Мен мектебімді безендіремін


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



бет2/4
Дата30.09.2024
өлшемі30,77 Kb.
#146133
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
bejneleu-neri-1-synyp-2-blim meni-mektebim -men-mektebimdi-bezendiremin-ysa-merzimdi-zhospar

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою
Өткен сабақтардағы өрнек және суреттерге шолу жасаңыз. Оқушылардан руббинг нысандарын табуды сұраңыз. «Руббингтің жасалуын жеңіл/ қиын екенін кім анықтай алды?» деген сұрақ қою.




Сабақтың ортасы


Презентациямен жұмыс:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін оларға мереке қарсаңында шармен безендірілген мектептің фотосуретін көрсету. Презентацияның екінші слайдын пайдалану. Оқушылардан мектеп қай кезде ерекше әдемі болатынын сұрау.
Мектептің гүлдер, суреттер және оқушылардың қолымен жасалған бұйымдармен безендірілетіні туралы айтып, әңгімені жалғастыру. Мереке күндері мектеп ерекше құлпырып кетеді.
Оқушыларға мектепті безендіруге қатысуларына болатындығы жайлы айту керек. Мысалы, мектепті оқушылардың аты-жөндерінің бірінші әріптерімен безендіруге болады. Одан кейін «инициал» сөзінің мағынасын түсіндіру.
Оқушыларды презентацияның үшінші слайдымен таныстыру. Ол бетте адамның тегі, аты және әкесінің аты жазылған инициял көрсетілген. Оқушыларға бұл әріптер қандай мағына беретіні жайында түсіндіру.
Инициял сөзінің мағынасын түсіндіру:
Инициал – адамның тегі, аты және әкесінің атының бірінші әріптері. Инициалды өзінің жеке заттарын таңбалау үшін пайдаланады.
Оқушыларға түсінікті болу үшін мысал ретінде сыныптағы бірнеше оқушының атын, тегін және әкесінің атын пайдалана отырып қалай құрастыру керек екендігін көрсетіп жіберу.
Оқушыларға «Бедерлеме» сөзінің бірнеше мағынасы бар екендігін түсіндіру үшін төртінші слайдты пайдалану.
1. Бедерлеме– кескін, із, жол бастыру арқылы алынатын таңба.
2. Басып салу арқылы орындалған сурет, кескіндеме және т.б.
3. Типографиялық әдіспен қағазға алған мәтіннің, суреттің таңбасы.

Оқушыларға суреттен өз аты-жөндерінің бірінші әріптерін тауып алуды тапсыру. Оларды қалай безендіруге болатынын ойлануды ұсыну. Ол үшін презентацияның бесінші бетінде орналасқан әріптерді көрсетуге.


Оқушыларға бедерлемемен безендірілген әріптер тартымды және қызықты болады. Бедерлеме–бастыру арқылы алынатын кескін, із. Басқаша айтқанда-таңба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет