Сабақ тақырыбы Мен мектебімді безендіремін



бет3/4
Дата30.09.2024
өлшемі30,77 Kb.
#146133
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
bejneleu-neri-1-synyp-2-blim meni-mektebim -men-mektebimdi-bezendiremin-ysa-merzimdi-zhospar

Шығармашылық жұмыс:
Оқушыларға баспатаңбаны алудың әр түрлі тәсілдері бар екенін оқушыларға айту.
Бірінші әдіс – заттың боялған бетінен басылған немесе тырналанған бедерлемені алу. Осындай бедерлеме алу әдісінің ретін көрсету үшін оқушылардың назарларын презентацияның алтыншы бетіне аудару. Алдымен суретке негіз болатын жұмсақ материал дайындап алу керек екеніне баса назар аудару. Бірінші сынып оқушылары үшін бір рет қана ұсталатын тәрелкелер немесе төбеге жапсыратын үлдір плиткалар ең қолайлы материал болады. Оларға қарындашты қаттырақ басып отырып, кескіндемені оңай алуға болады. Сурет немесе өрнек дайын болған соң қылқаламмен бояу жағу керек. Одан кейін бір парақ қағазды оның үстіне қойып, негізгі материалға қатты басу керек. Содан кейін негізгі материалдан қағазды шетінен бастап ақырындап ажыратып алу керек. Оқушыларға бедерлемені мөр (қалып) арқылы да алуға болатынын айту. Мөрді әртүрлі материалдан жасап алуға немесе дайын түрін пайдалануға болады. Бедерлемені көптеп дайындауға болатынын айтуды ұмытып кетпеу. Техника қауіпсіздігін сақтау керек екенін ескерту.
Қағаздан қиылған инициалдарын бедерлемемен безендіру. Әріпті бір немесе әр түрлі бедерлемемен безендіруге болатынын айту. Жұмысты аяқтаған соң, аты-жөндерінің бірінші әріптерімен қабырғаға коллаж жасау. Оқушылар әріптерді кескіндеме қызықты болатындай етіп топтастырулары қажет. Мүмкіндік болса, әріптерден буын немесе сөз құру. Оқушыларға әріптерді өз еріктерімен орналастырып, өздерінің сезімдерін, ойларын жеткізуге мүмкіндік беру.
Оқушылар жұмыстарына түсініктеме береді.

Төбеге жабыстырылатын үлдір плиткалар, ақ қағаз, қылқалам, бояу



Сабақтың соңы



Оқушылар жұмыстарын аяқтаған соң барлық әріптерді қабырғаға (тақтаға) іліп қою, жақсы жұмыстары үшін қол соғып, қошеметтеу қажет.Себебі ол оқушылардың әрі қарай одан да жақсы жұмыс істеуіне шабыттандырады. Өздерінің жұмыстарына қарап оқушылар өздеріне ненің ұнағандығын және жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездескендері жайында баяндап бере алады.
Рефлексия:
Бүгін не үйрендің?
Қандай қиыншылықтармен кездестің?
Не қызықты болды?
Оқушыларға ауызша сұрақтар қою және оқушылар сабақ бойынша өз ойларын айтады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет