Сабақ тақырыбы Менің отбасымның рухани құндылықтары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары оқу


Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау



бет4/5
Дата24.11.2022
өлшемі33,17 Kb.
#52458
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1547697460

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау

Слайд
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалары.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқулық

А 3 парақтары, түрлі түсті маркерлер, флипчарт, тақта
Дәптер

Оқулық, А 4 парақтары



Сергіту сәті
«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
Мұғалім: Әр отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Отбасылық альбомдарды құрастыру және оларды сақтау дәстүрі әр отбасында бар. Фотосуреттер қымбат адамдарымыз жайлы, өмірімізде болған оқиғалар жайлы естеліктерді мәңгі есте қалдырады.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (топта)
(Т) Парталарыңдағы қағазда «Түрлі түсті отбасы» деген ертегі берілген. Осы ертегіні аяқтауларың керек.
Бір қораптың ішінде өзге қарындаштармен бірге кішкентай қарындаш дүниеге келіпті. Үлкен қарындаштар – анасы, әкесі, әжесі, атасы – түрлі түсті қарындаштар болыпты. Әрқайсысының өз түсі бар екен. Ал кішкентай қарындашта әлі түс болған жоқ. Оған түрлі түсті болу әлі алда еді. Күн сайын көк түсті анасы оған көк түсті болуды үйретті. Қызыл түсті әкесі қызыл түсті болуды үйретті. Себебі қызыл түсті әдемі суреттер салғанда жиі таңдайтынын айтты. Сары түсті атасы барлығына сары түстің маңызды екенін айтып, олармен сөз таластырды. Ал жасыл түсті әжесі немересін қолынан алып жүретін болды. Кішкентай қарындаш кей кездерде жасыл түсті болып көрініп жүрді. Осылайша күн артынан күн өте берді. Бір күні ...
Жұмысты орындау және таныстыру.
Қорытынды: Барлығың да отбасында өмір сүресіңдер. Сендердің де отбасыларың түрлі түсті қарындаштары бар қорап секілді. Ата-аналарың, отбасының басқа да мүшелері саған «өзінің түсін», яғни, өзінің құндылықтарын сенің бойыңа сіңдіргісі келеді. Осылайша жақын адамдарыңнан алған қасиеттер сенің бойыңда өмір сүреді. Отбасының бақыты махаббат, еңбек, мейірімділік, денсаулық секілді құндылықтарға байланысты.
Үйге тапсырма:
Мұғалім: Әр отбасында отбасылық фотосуреттер бар. Отбасылық альбомдарды құрастыру және оларды сақтау дәстүрі әр отбасында бар. Фотосуреттер қымбат адамдарымыз жайлы, өмірімізде болған оқиғалар жайлы естеліктерді мәңгі есте қалдырады.
Оқулықтағы «Отбасылық фотосуреттерді қараймыз» тапсырмасын орындау.



Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Карточкалар, маркерлер

дәптер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет