Сабақ тақырыбы Мәтінді есептерді шығару
бет 1/3 Дата 22.12.2022 өлшемі 53,53 Kb. #58909 түрі Сабақ
Байланысты:
1mtndk-esepterd-shyaru-ysa-merzmd-zhosparlau
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тізбектер
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 9
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Мәтінді есептерді шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
9.2.3.9 шексіз кемімелі геометриялық прогрессия қосындысының формуласын қорытып шығарады және есептер шығаруда қолданады ;
9.4.2.2 арифметикалық және геометриялық прогрессияларға мәтіндік есептерді шығару;
Сабақ мақсаттары
Прогрессияларды қолданып мәтінді есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру
Жетістік критерийлері
Арифметикалық прогрессия формулаларын есептер шығаруға қолданады
Геометриялық прогрессия формулаларын есептер шығаруға қолданады
Шексіз кемімелі геометриялық прогрессиялар формулаларын есептер шығаруға қолдану
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика мен терминология
сандық тізбектер;
тізбектің берілу тәсілдері;
тізбектің алдыңғы мүшесі, тізбектің кейінгі мүшесі;
тізбектің бірінші мүшесі және т.с.с., тізбектің n -мүшесі;
тізбектің n -мүшесінің формуласы ;
рекурренттік формула;
өспелі, кемімелі тізбек;
арифметикалық прогрессияның айырмасы;
геометриялық прогрессияның еселігі ;
арифметикалық ортасы;
геометриялық ортасы;
арифметикалық/геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
математикалық индукция әдісі.
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
тізбектің n -мүшесінің формуласын … түрде беруге болады;
тізбектің келесі элементі … болады;
прогрессияның ... мүшесін табу үшін ... ;
тізбек кемімелі/өспелі болып табылады , себебі … ;
... прогрессияның алғашқы ... мүшесінің қосындысын табу үшін ... ;
... саны арифметикалық прогрессияның мүшесі болып табылады, себебі … ;
... саны геометриялық прогрессияның мүшесі болып табылады, себебі … ;
а 1 =…,а n =… болса, онда алдымен … табу керек ;
... периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру үшін … ;
егер тұжырым ... үшін ақиқат болса, онда тұжырым ... үшін де ақиқат болады.
Достарыңызбен бөлісу: