Ұйымдастыру кезеңі:
«Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды қима қағаздарын біріктіру әдісі арқылы «Кесте, Пішімдеу» екі топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал орнату мақсатында топтағы оқушылар сағат тілі бойынша «Тілек уақыты» бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Сабақ кезінде оқушылардың оқу мақсатын айқындау үшін қызығушылығын ояту мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылармен ақпараттың не үшін кесте түрінде берілетіндігі туралы талқылау.
Сендер осы уақытқа дейін мектеп қабырғасында қандай кестелермен кездестіңдер?
Қандай түрдегі ақпаратты кестелерде ұсынған қолайлы?
Кері байланыс: Смайликтер
Білу деңгейінде «Түсініксіз тармақ» әдісін қолдануда мақсатым оқушылардың жаңа білімді қаншалықты деңгейде игергенін анықтау.
(Т) «Түсініксіз тармақ» әдісі бойынша оқушылар өздеріне таныс емес тармақты берілген уақытта оқып шығады