Сабақ тақырыбы: Мұғалім сөзі оқыту мен тәрбиелеу құралы


Кәсіби жетілуіне әсер ететін функциялар



бет6/6
Дата08.04.2022
өлшемі36,14 Kb.
#30382
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Кәсіби жетілуіне әсер ететін функциялар:

1. Дамытушылық функция.

2. Аксиологиялық функция

3. Фасилитациялық функция

1. Бұл оқыту процесіне қатысты барлық субъектілерді / басқа мұғалімдер, , ата – аналар, әкімшілік жәек т.б./ осы әрекетке тарту арқылы оқыту мен тәрбиені жетілдіру.

2. Мұғалімнің аксиологиялық функциясының мәні оқушының бойына рухани, адамгершілік, өркениеттік секілді адамзаттық, әрі құндылықтарды сіңіру.

3.«Фасилитация» сөзінің түбірі латынның «көмектесу» деген ұғымын білдіреді, яғни оқушыларға тікелей « пәндік білімді берудің» орнына оқушының өз бетімен ізденісін дамытуға, білімді игеру жолдарын іздестіруге көмектесу. Бұл жерде мұғалімнің « білімнің көзі, оны айтып берушілік» рөлі жойылып, оның орнынан сабақтағы оқушылардың ізденісін ұйымдастырушы, үйлестіруші, кеңесші қызметтері алға шығады,. Яғни, фасилитация- оқушыдағы бұрынғы бар / актуальды/ біліміне жаңа ақпарат қосылу арқылы оның жадында жаңа білімнің түзілуіне көмектесу»

4.Мұғалімнің кәсіби кемелдігі – іс жүзінде оқушыны әлеуметтік деңгейінде қалыптастыратын психология- педагогикалық және ғылыми – пәндік білімдері мен оларға сәйкес рухани биік парасат бейнесінің жоғары деңгейі.



Мұғалімнің мамандық деңгейін көтеруге қойылатын талаптар:кәсіптік білім, біліктілік, дағды ,ізденіс, іске шығармашылық мән беру, жаңашылдық, ізгілік арқылы білім берудің сапасын жетілдіру.

Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеруге байланысты жүргізілетін жұмыстар: тәжірибе алмасу, озат, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибесін зерттеу, оны тарату, оқыту- тәрбиелеу жұмыстарының нәтижесін, тиімділігін анықтау, білімін үздіксіз жетілдіріп отыру, аттестациялау, категорияға бөлу, педагогтық оқуға, басылымдарға қатысу жұмыстары.

Педагогикалық шеберлік сонымен қатар сан -салалы кәсіби әрекетті жүзеге асыруды нәтижелі ету үшін еңбексүйгіштік, балаға деген сүйіспеншілік, олардың ішкі дүниесін түсіну, таңдандыра, жобалай алу сияқты қасиеттердің болуын талап етеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік – кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің, оның білімі мен білігінің жүйесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет