Сабақ тақырыбы: Мұғалім сөзі оқыту мен тәрбиелеу құралы


Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп



бет5/6
Дата08.04.2022
өлшемі36,14 Kb.
#30382
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Риторика 2

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу жолдары өте көп. Ғалым С.Б.Елканов оған өзін-өзі ұйымдастыруды жатқызады.

Өзін-өзі ақпаратпен қамтамасыз ету. Оған оқытудың әртүрлі формалары мен түрлері жатады. Ол үшін мұғалім көп кітап және мерзімді баспасөз оқуы тиіс,әсіресе өз мамандығына байланысты баспасөз беттеріндегі жаңа идеяларды талдап өз еңбегінде қолдана алу керек.

Өзін-өзі талпыландыру. Өз-өзіне бұйрық берумен байланысты ол мұғалімді өзін-өзі тәрбиелеуге итермелейтін қозғаушы күш болып табылады.

Өзін-өзі ұйымдастыру. Оған өзін-өзі байқау, бақылау, есеп беру, талдау жатады. Бұл өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған әрекетті дұрыс ұйымдастыруға көмегін тигізеді.

Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу процесіне кедерге келтіретін және ынталандыратын факторлар бар. Мұғалімдер арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған диаграммаға жүгінсек: кедергі келтіретін факторлардың ішінен ең бірінші орынды бұрынғы тәжірибеде болған оқулықтар мен сәтсіздіктерге өкпе, одан кейін қаражаттың аздығы әсер етеді. Келесі кезекте өзіндік инерция, ұжым адамдары және басшылармен дұрыс қатынастың жоқтығы және денсаулық жағдайы. Оған қоса қоршаған адамдармен жағымсыз қарым-қатынас әсер етеді.

Мұғалімдерді өзін-өзі дамытуға ынаталандыруда ең басты орынды бұл мәселеге басшылардың дұрыс қарым-қатынасы, жаңаны енгізе алу мүмкіндігі, өз-өзіңді оқыту мүмкінлігі алады. Одан кейінгі кезекте ұжымның әсері, сенімділік, жұмысқа қызығушылық, жауапкерішлік тұр.

Рефлексия – адамның өз санасындағы өзгерістер туралы ойлануы; әрекеттің жүру барысы мен аяқталуын қорытындылап баға беру үрдісі.

3.Мұғалімнің тұлғалық кемелдігі туралы сөз ету бұдан басқа да көп мәселелерді қозғайды. Мұғалімнің кәсібилігін анықтайтын өлшемдердің арасында ең басты орынды оқушылардың алған білімімен қосыла отырып өмірде бағыт – бағдар алуға көмектеседі.Мұғалімнің тұлғалық кемелденуі төмендегі комноненттерден тұратын жүйелі құрылым болып табылады.

 


 

 

 

 

 









 

 






 










 

Кәсіби даму - өзін -өз жетілдірудің табиғи көрінісі.



Оның ерекшелігі – қолы жеткен шығармашылық табыс арқылы өзін -өзі одан әрі дамыта беру мүмкіндігінде



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет