Сабақ тақырыбы Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды? Оқу мақсаттары



бет2/3
Дата28.11.2023
өлшемі14,8 Kb.
#131117
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақ жоспары Неліктен Давид пен Бодридің Марат туралы көзқарастары әртүрлі болды 8 сынып

Сабақтың тақырыбына және оқу мақсаттарына негізделе отырып оқушылармен сабақ мақсатын құрастырыңыз:
сурет кейіпкерлеріне қатысты әртүрлі пікірлерді түсіндіру үшін Дэвид пен Бодридің суреттерін түсіндіреді
(Т) Оқушыларға кескіндеменің әртүрлі трендтерін білдіретін суреттер сериясын ұсыныңыз: Неоклассицизм, романтика, импрессионизм, реализм. Суреттерде олар туралы ақпарат көрсетіледі.
Студенттермен келесі сұрақтарды талқылаңыз:
- суреттердің стилінде айырмашылық бар ма?
- Француз революциясы кезінде стильдердің қайсысы шықты деп ойлайсыз? Неліктен?
- Неге неоклассицизмге қайта оралуда?
Стильдер туралы ақпарат беріңіз (2-қосымша) және салыстырмалы кестені толтыруды ұсыныңыз (3-қосымша).
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
- оқушы стильдердің әрқайсысының кемінде 3 белгісін анықтады.
(Ұ) оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен бір-бірін бағалау нәтижелерін таразылау және талқылау ұсынылады.

Картина белгіленген слайдтар

2-қосымша.


Ақпараттық мәтін
3-қосымша.
Салыстырмалы кесте.

25-32 минут


(Ұ) Оқушылар Мараттың қайтыс болғанын бейнелейтін Давид және Бодридің картиналарына қайта оралсын.
Давид, Бодри және Марат деген кім екендігін қысқаша түсіндіріп беріңіз (олар туралы ақпарат беріңіз) және оның өлтірілуі неліктен мұндай резонанс тудырғанын түсіндіріңіз (4-қосымша).
Суреттерге қатысты сұрақтарды талқылаңыз:
- суреттер қандай стильде бейнеленген? Аргументтер келітіріңіз;
- суретші неге назар аударады? Ол біздің тарапымыздан қандай сезім тудырғысы келеді?
- бұл үшін автор қандай құралдарды пайдаланады? Түстер, символдар?

Сабақ басында қойылған сұрақты қайталаңыз:


- суретшілердің олар бейнелеген нәрсеге қарым-қатынасы қандай?

 Оқушылардың назарын суретшілердің өмір сүрген уақытына және картиналардың салынған уақытына аударыңыз: суретшілер өмір сүрген кезең олардың басқа адамдарға және оқиғаларға деген көзқарастарына әсер етеді ме?


(Т) Сұрақтарды талқылағаннан кейін қорытынды жасамаңыз. Оқушыларға екі мәтін беріңіз (5-қосымша) және оларды суреттермен байланыстырулы ұсыныңыз.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
- Оқушы кемінде 2 дәлел бере отырып, мәтін мен иллюстрацияларды дұрыс сәйкестендірді.
(Ұ) Оқушылармен нәтижелерді талқылау.




Сабақтың соңы
32-35 мин

(Ұ) Оқушыларға мәтіндер мен иллюстрациялар негізінде сабақтың тақырыбын қамти отыра қорытынды жасауға мүмкіндік беріңіз.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:


- Оқушы Маратқа қатысты суретшілердің әртүрлі көзқарастарының кемінде 2 себебін көрсетті;
- сабақ тақырыбы бойынша оқушы қорытынды жасады.
Суретшілердің әртүрлі кезеңдерде жұмыс істеуі олардың бұл оқиғалардың кейіпкерлеріне деген көзқарастарының әр түрлі болуына әсер еткені туралы оқушылардың қорытынды жасауына мүмкіндік туғызыңыз. Бодри екінші революция кезінде салған, ол кезде революционерлер айыпталған болатын, Шарлотта Корде батыр деп саналды
(Ұ) қорытындылардың бірін талқылау кезінде басқа студенттер өз жұмысын бағалай алады.




Сабақтың соңы
35-38 мин.

Рефлексия
(Ж) Оқушылардың назарын сабақтың мақсатына, оқу мақсатына және бағалау критерийлеріне аударыңыз. Оқушыларғы өз деңгейлерін бағалауға м.мкіндік беріп, қандай қосымша жұмыс істеу қажеттілігін анықтаңыз.




Үй жұмысы
38-40 мин.

Үй жұмысы.
Шарлотта Кордеге қатысты сот шешімін (ақтау және айыптау) жазуды ұсыныңыз.




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, әртүрлі ресурстардың түрлерін таңдауда саралау; тапсырмаларды таңдауда - суреттермен, мәтіндермен жұмыс жасағанда, тұжырымдарды қалыптастырғанда. Сабақтың барлық сатыларында педагогикалық қолдаудың әртүрлі формалары ұсынылады

Сабақтың барлық тапсырмалары дескрипторлар арқылы бағаланады. Бағалаудың әр түрлі формалары пайдаланылады: өзін-өзі бағалау, жұп жұмысын өзара бағалау, топтардың жұмысын өзара бағалау, мұғалімнен ауызша кері байланыс.

Оқушылар топта және жұппен жұмыс кезінде класс айналасында жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет