Студенттерді оқу жылымен құттықтау және танысу. Алдағы жаңа тақырыпқа шолк жасау. Берілген тақырып «Дүние жүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша көне заман дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі алған білімге негізделген. Ол оқушыларға адам дамуының жолдары мен заманауи әлемнің түрлі модельдері арасында ұқсастықтар жасауға көмектеседі.
35
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Топқа сұрақ:
Суреттерге қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын болжап көріңіздер.
Тақырыпты анықтағаннан кейін оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Терминдермен жұмыс. Терминдермен таныса отырып, өз түсініктерімен бөлісу.
Өркениет – тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі белгілі бір ұлтқа тән материалды, рухани және әлеуметтік өмірдің сапалық ерекшеліктері. Өркениет типтері – дамудың ортақ қырлары, элементтері және заңдылықтары белгілі бір мәдени-тарихи кезеңдерге бөлінген процесс.
45
Топпен жұмыс (20 мин)
1 тапсырма. Оқушылар топқа бөлінгеннен кейін үлестірме материалдар таратылады. Осы мәліметтер көмегімен оқушылар «Өркениет түсінігі. Өркениеттік дамудың негізгі типтері» тақырыбында кластер құрастырады.
Дискрипторлар Тарихи процестер заңдылықтарына сәйкес түрлі өркениеттердің байланысын көрсету.
Өркениеттің адамзаттың тарихи дамуына әсер етуі туралы қорытынды жасау
Пікірталас (10 мин)
2 тапсырма. Адамзат өркениетін қандай болашақ күтеді: жеке немесе жеке өркениеттер жиынтығы?
Бұл мәселе бойынша қандай пікіріңіз бар?
Қазіргі Қазақстан қай өркениетке жатады (Батыс, Шығыс)?
Рефлексия
Тақырыпты толық түсіне алмадым
Тақырып ашылды, барлығы түсінікті
Сұрақтар туындады
5. Сабақ бойынша бағалау-өлшеу материалдары, бағалау парақтары, жұмыс дәптері (қағаз және электрондық форматта)
Білу және түсіну . Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+); М(-); Қ (қызықты).
«П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
«М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.
«Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша оқытушыға сұрақтар жазуға болады
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1] Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады: мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды. Дегенмен Өркениетті саралаудың бірегей өлшемдері мен ұстанымдары әлі күнге дейін жасалған жоқ. Соңғы кездері Өркениетке бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ әрі тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің этносаралық жергілікті қауымдастығы деген анықтама берілді. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеуде немесе мәдени-тарихи типологияны жасауда кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Өркениет типтерін шығыс және батыс деп бөліп, “ғаламдық Өркениет” және “техногендік Өркениет” ұғымдары да қолданылады. Мәдениеттанушылар Өркениетті “мәдениет” ұғымымен салыстыра қарастырады. С.Хантингтонның жіктемесі бойынша, қазіргі әлемде батыстық, латын америкалық, православиялық, исламдық, конфуцийшілдік, үнді-буддалық, қиыр шығыс және африкалық секілді 8 суперөркениет қатар өмір сүруде. Қазіргі отандық мәдениеттану ғылымында қазақ өркениеті ұғымы қалыптасты. Ол ежелгі көшпелі өркениеттерден бастау алып (сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, ортағасырлық түркілік дала империялары, Алтын Орда, Ақ Орда, т.б.), кейін қазақ хандығы тұсында қалыптасқан, түркі-соғды, түркі-араб синтездері нәтижесінде исламдық суперөркениеттің құрамына енетін этномәдени бірлестікті сипаттау үшін қолданылады (қ. Дала өркениеті). Қазақ Өркениеті 3 үлкен өркениеттердің (православиялық, исламдық, конфуцийлік) тоғысқан жерінде орналасқан.
Оның мынадай өзіндік белгілері бар: а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне рулық-тайпалық одақ жатады;
ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі” этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар бұрын қалыптасқан;
б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен, түбінде табысты аяқталған;
в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі тайпалары моңғолдық этн. элементтерді өзіне сіңіре бастады;
г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды айтты.
Қазақ халқының және оның ата-тектерінің әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына мыналар жатады:
1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде адамзат тарихындағы бірінші жетістікке жетті;
2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді игере алды;
3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары (А.Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб Халифаты, т.б.);
4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына себепкер болды;
5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін алғашқылардың бірі болып енгізді;
6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық пен келісімділіктің маңызды формасы болды;
7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну, адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен және адамдармен үйлесімділікте болу, жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары қазіргі руханиятта ерекше орын алады. Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді ету міндеті тұр.