Сабақ тақырыбы Өсімдікке жыл бойы қалай күтім жасау керек?



бет2/4
Дата30.05.2022
өлшемі427,77 Kb.
#35923
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
НУРБЕК СЕМИНАР

Тілдік мақсаттар



Оқушылар өзгеріс сөзімен танысады, тақырып бойынша сөздік қорлары молаяды (жер жырту, тыңайту, қопсыту, қар тоқтату)

Құндылықтарды дарыту



Бірін –бірі тыңдайды, жұптасып тапсырма орындайды, диалогтік сөйлесу мәдениеті қалыптасады

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан көру,есту,түсіндіру дағдылары қалыптасады

Бастапқы білім



2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау;



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



1.Ұйымдстыру кезеңі

Оқушылармен амандасып,шеңберге жинап , жылылық сезіндіру.


Мынау- менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі басқарған.
«Тосын сұрақ» әдісі арқылы өткенді қайталау.
1. Өсімдік бөліктерін ата.
2.­Өсімдіктердің жер асты бөлігін ата.
3.Тамырдың атқаратын қызметі?
4.Өсімдік сабағынығ атқаратын қызметі?
5.Өсімдіктің тыныс алу мүшесін ата.


Дұрыс жауап берген оқушыларға жапырақтар тарату арқылы бағалау.

Жапырақтар



Сабақтың ортасы



Оқушыларды жыл мезгілдеріне байланысты топқа бөлу.(қыс,көктем,жаз,күз)
1.Сұрақ-жауап:
-Біз топқа қалай бөліндік?
-Осыларды бір сөзбен не дейміз?
М.Т Жыл мезгілдері дегеніміз – жылдың шартты түрде бөлінген уақыт аралығы. Әрбір жыл мезгіліне белгілі бір мезгілдік және температуралық жағдайлар тән. Қалыпты климат жағдайына жыл мезгілдері ауысқан сайын табиғатта болатын түрлі табиғи өзгерістер өсімдіктерден анық білінеді. Жыл мезгілдері ең алдымен мынадай белгілері бойынша ажыратылады: күннің ұзаруы, температураның өзгеруі. Табиғаттағы өзгерістер де өсімдіктерге әсер етеді.
Ұ.Ж Сурет бойынша жұмыс «Бір ағаштың оқиғасы»
- Суретте қандай ағаш бейнеленген?
- Оны неден байқадыңдар?
- Жыл мезгіліне байланысты алма ағашында қандай өзгеріс болады?
Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» арқылы бағалау.


2. Ж.Ж Дәптермен жұмыс.(7-бет)
Ағаштың сыртқы көрінісіне қарап жыл мезгілін анықта. Астына мезгіл атауын жазып суреттерді боя.
«Күлегештер» арқылы бағалау.


Сергіту сәті:
Сөздер айтамын,оқушылар іс- әрекетпен көрсету..
Футбол- аяқ тарсылдату
Баскетбол- қол шапалақтау
Іс тігу- қол
Жүгіру – аяқ
Суға шомылу – аяқ , қол


3. М.Т.Адам топырақ пен өсімдікке жыл мезгілдеріне сәйкес күтім жасайды.


Т.Ж «Бірге ойлаймыз» әдісі
Топтарға әр жыл мезгіліне байланысты егіс алқабының суреті және сол мезгілге байланысты тірек сөздер беріледі.Сол берілген сөздерден жыл мезгіліне сәйкес келетін сөздерді тауып, постерге жабыстырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

  • Адам бидайды әр жыл мезгілінде қалай өсіріп, баптайды?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет