Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады
Дескриптор: Диалогке қатысады;
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады;
Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі;
Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренеді;
Кестені толтыр:
Адамға отбасы не үшін қажет?
Отбасы мүшелері бірін бірі қалай атайды?
Отбасындағы бір адам бірнеше істі атқара ала ма?Мысал келтір.
ҚБ: «От шашу» әдісі Дескриптор: Кестені толтырады;
Әрбір сұраққа жауап бере отырып, мысалдар келтіреді;
Отбасы бір үйде тұратын ең жақын адамдар құрайды. Отбасы үй шаруашылығына, бала тәрбиесіне пайдаланатын қаржы-қаражатты бірлесе, ақылдаса отырып атқарады.