Сен отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдей аласың;
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда) Отбасы дегеніміз – бұл адамдардың некеге немесе туыстық жақындыққа негізделген, тұрмыс ортақтығы, рухани жауапкершілік және бауырмалдық тұрғысынан өзара байланысқан бірлестігі. Әдеттегі отбасын әке-шеше, ата мен әже және балалар құрайды. Отбасылары үлкен немесе шағын болуы мүмкін. Әр отбасы өз шаруашылығын жүргізуде қаржы-қаражат пен ақыл-ой мүмкіндіктерін бірлесе атқару арқылы шешеді.
https://yadi.sk/d/_KOTMHg6qOTCxw
Сабақтың ортасы 4 минут
3 минут
3 минут
3 минут
2 минут
7 минут
ОТБАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.
Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түрлеріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңгереді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да келер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Балалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады
Дескриптор: Диалогке қатысады;
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады;