Отбасы бір үйде тұратын ең жақын адамдар құрайды. Отбасы үй шаруашылығына, бала тәрбиесіне пайдаланатын қаржы-қаражатты бірлесе, ақылдаса отырып атқарады.
(ӨЖ) «Ашық микрофон» ойыны: Отбасындағы әр адам өз шаруашылық міндеттерін қалай жүргізеді?
Жалғыз істегеннен гөрі бірлесіп атқарған жұмыс жеңіл әрі тиімді екенін дәлелде. Мысал келтір.
Отбасы кез келген мәселенің ыңғайлы жолын тауып, шеше ала ма?
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі Дескриптор: Отбасындағы әр адамның шаруашылық міндеттерін талдай отырып, өз ойларын еркін жеткізеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Мысалдар келтіреді.
Әр отбасының өз тәртібі бар. Ол қоғамға байланысты қалыптасады. Сонымен бірге, отбасы – өз алдына өмір сүре алатын қоғамның бір бөлшегі.
Кластерді оқиық (ӨЖ) «Ой бөліс!» әдісі: Ата мен әженің, әке мен ананың отбасындағы рөлі туралы әңгімелеп бер.
Отбасындағы балалардың рөлі туралы кластер құрастыр.
Дескриптор: Ата мен әженің, әке мен ананың отбасындағы рөлі туралы әңгімелейді;