Бөлім тақырыбы: Абайды оқы, таңырқа!
Қазақ әдебиеті 6-сынып Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Отыз бірінші қара сөзі»
Оқу мақсаты: Т/Ж4 Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.
Сабақ мақсаты: көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады.
Бағалау крийтерилері: -Абай шығармаларынан орта көлемді үзіндіні мәнерлеп оқиды;
-үзіндіні жатқа айтады.
Ой шақыру
4 Қазақтың бас ақыны, биыл 175
жылдығы тойланды.
2 5 Жылдың төрт мезгіліне қатысты
өлең жазған автор.
3 Ақын ғана емес: қара сөз жазған,
аудармашы, сазгер,философ,ойшыл.
Кім? 1 2 3 Дескриптор: сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын болжайды.
Мағынаны тану кезеңі.
Мағынаны тану кезеңі.
Бейнежазба.
https://youtu.be/UdlZqiAeZF4
1-тапсырма. Бейнежазбадан тыңдаған ақпаратты «кинометафора әдісі» бойынша Абайдың бойындағы қасиеттерін өз шығармаларымен дәлелдеп, ұяшықтарды толтырыңыз.
Ақын Сазгер Аудармашы Әнші Жазушы Ағартушы Дескриптор: Абайдың бойындағы қасиеттерін өз шығармаларымен дәлелдейді; ұяшықтарды толтырады. ? ? ? ? ?
?
Өзіңді тексер.
Ақын Сазгер Аудармашы Әнші Жазушы Ағартушы «Күз», «Қыс» т.б Көзімнің қарасы Крылов, Пушкиннің өлеңдері «Ғылым таппай мақтанба» Өз әндерін домбырамен орындаған 45 қарасөз жазған
2-тапсырма. Абай шығармаларынан өзіңізге ұнаған үзіндіні жатқа айтыңыз.
Дескриптор: Абай шығармаларынан үзіндіні жатқа айтады.
Теориялық білім.
Қарасөздер – Абай Құнанбайұлының сыншылдық, ойшылдық және көбіне адамгершілік мәселелеріне арналған өсиет сөздері жазылған прозалық шығармасы.
Абайдың қарасөзінің өзгешелігі бар, ол нақыл әңгіме түрінде алынған. Сюжеті, кейіпкері жоқ, түрлі өмір құбылыстары мен қоғамдық мәселелер жайлы ойтолғау ретінде келеді.
Қазақ тілінде қара шаңырақ деген сөз қасиетті, яғни осы тұрғыдан алғанда, қарасөз – сөздің үлкені, маңыздысы болып есептеледі. Абай Құнанбайұлының қарасөздері – дана сөздер, ақыл сөздер болып бағаланады.
А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қарасөзін» мәнерлеп оқып, танысыңыз.
Отыз бірінші қарасөз Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бірнәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
Дескриптор: «Отыз бірінші қара сөзді» мәнерлеп оқиды;
қарасөзбен танысады.
Сөздік
4 Кез болу – бір нәрсеге кездесіп қалу, тап келу.
2 5 Ғибратләну – үлгі мағынасында айтқаны.
3 1 2 3
3-тапсырма. «Кестемен жұмыс» Ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсені атаңдар және оларға түсініктеме беріңдер.
4 3 5 Ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсе
Ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсе бойынша менің көзқарасым
Дескриптор: ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсені атайды; оларға түсініктеме береді.
Өзіңді тексер
4 3 5 Ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсе
Уайымсыз салғырттық.
Ойыншы-күлкішілдік.
3. Қайғыға салыну.
4. Құмарлық пайда болу.
Ақыл мен ғылымды тоздыратын төрт нәрсе бойынша менің көзқарасым
Ешнәрсеге алаңдамаушылық пен әр нәрсеге көңіл бөлмей қарау.
Кез-келген жағдайда қайғыға берілу. Әуестік.
Қорытынды тапсырма. «Бес саусақ» әдісі бойынша А.Құнанбайұлы жайлы сұрақтарға жауап беріңіз.
Абай Кім? Не? Қашан? Неге? Қайда? Дескриптор: А.Құнанбайұлы жайлы сұрақтарға жауап береді.
Өзіңді тексер
Абай Ұлы адам Өлең, қарасөз 1845-1904 Ізгілікке Шыңғыс тау етегінде
Бүгінгі сабақта:
Абай Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзін» мәнерлеп оқыдыңыз;
мағынасын түсіндіңіз;
Абай шығармаларынан үзінді жатқа айттыңыз;
сөздікпен жұмыс жасадыңыз.
Қосымша тапсырма.
А.Құнанбайұлының «Отыз бірінші қарасөзін» мәнерлеп жаттау.
Дескриптор: Отыз бірінші қара сөзді мәнерлеп жаттайды.