тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;
2
31.03
31.03
56
3
Тұз деген не? Тұздар біздің өмірімізде.
Адам ағзасына тұздардың физиологиялық әсері.
1
7.04
57-58
4-5
Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау
тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білу және анықтай алу
2
7.04
14.04
59-60
6-7
Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
2
14.04
21.04
61
8
Тыныс алу үдерісі.
тыныс алу үдерісін түсіндіру
1
21.04
Геологиялық химиялық қосылыстар(11с.)
62-63
1-2
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар.
Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
2
28.04
28.04
64-65
3-4
Кен құрамы
кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;
2
5.05
5.05
66-67
5-6
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
1
12.05
9.05
68
7
Отын. Отын түрлері.
Отын түрлерін білу.
Әртүрлі отынның сипаттамалары бойынша салыстыру.
1
12.05
69-70
8-9
Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері.
табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
2
19.05
19.05
71
10
Қайталау
7-сынып бойынша білімдерін айқындау
1
26.05
72
11
Қорытынды сабақ
Оқушылардың білімдерін айқындау
1
26.05
І. Түсінік хат (7 сынып, аптасына 2сағат, барлығы 72 сағат) Білім беру жүйесіндегі негізгі ағымдардың бірі – білім беретін орданың типтеріне сай жеке тұлғаның дамуына тиімді жағдай туғызу. Бұл ағымды дидактиканың принциптерінің бірі – саралап оқыту арқылы жүзеге асыру. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үшін таңдау курсының ықпалы да мол. Базалық, міндетті деңгейден жылжымалы деңгейге оқушылардың санын арттыруда ықпалы болатыны сөзсіз.
Таңдау курстарын шартты түрде 2-ге бөлуге болады: 1) қызығушылығына қарай; 2) региональдық ерекшелігіне қарай. Қызығушылығына қарай өтілетін курстар оқушылар үшін міндетті емес. Бұл курсты таңдаған балалар өз еркімен, ынтасымен қалап қатысқаны абзал, ал мұғалім сол оқушының химиядан таңдау курсына қатынасқысы келетіндігіне көп жұмыстанып, оқушының пәнге құштарлығын оятып, болашақ пәндік олимпиадаға, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындауға, болашақ мамандық таңдауына да ықпал етуі тиіс.
Бағдарлама 7 сынып оқушыларына арналған. Себебі химия пәнін алғаш бастайтындықтан ең басынан пәнге қызығушылығын арттыру арқылы ынтасын дамыту көзделеді. Оқушы химия пәніне қалай қызығып кеткенін өзі байқамай да қалуы мүмкін. Ол үшін теориялық біліммен қатар, химия – эксперименттік ғылым болғандықтан лабораториялық тәжірибелерді орындау арқылы іске асыру қажет.
Бағдарлама 72 сағатқа есептелген. 7 сыныпта аптасына 2 сағаттан. Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы толық аяқталған курс мағлұматын меңгеруі тиіс, яғни табиғаттың біртұтастығы туралы мәлімет беріледі. Аталған курс бір-бірімен байланысты 9 бөлімнен тұрады.
Курстың мақсаты: Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 7 сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.
Курстың міндеттері: Алғашқы химиялық ұғымдардың глоссарийін әрбір оқушы еске сақтауын қалыптастыру.
Химиялық құбылыстарды бақылау және дәлелдей білу білігін дамыту;
Лабораториялық құрал жабдықтармен жұмыс істеу білігін біліктілікке айналдыру, таңдау курсына қатынасқан оқушы бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен танысу;
Химиялық заңдар мен химиялық элементтер туралы нақты білімдері бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудің алғы шарттары екендігін ескерту;
Алған теориялық білімдерін практикамен, өмірмен байланыстыра білу;
Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт – бағдар беру;
Химия ғылымының қоғамдағы, тұрмыстағы ролін дәлелдеп көз жеткізу;
Оқушыларға кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдеген адам ғана жеңетінін түсіндіре отырып, ғылыми көзқарас қалыптастыру;
Атырау өңірінің экологиялық мәселелерін шешуде әрбір оқушыға экологиялық білім, сана, тәрбие, мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды экологиялық қажеттілікке айналдыру қажет;
Химияда таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу;