Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Мектеп:Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:11
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Пирамиданың және қиық пирамиданың көлемдері
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
11.3.11 пирамида және қиық пирамда көлемін табу формуласын қолданады;
|
Сабақ мақсаттары
|
Пирамида, қиық пирамида көлемдерін табады;
|
Бағалау критерийлері
|
Пирамида, қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын біледі;
пирамида, қиық пирамида көлемдерін табу формулаларын қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- пирамида, қиық пирамида көлемдерін табуда терминдерді дұрыс қолданады
Пәнгетән лексика мен терминология:
пирамида, қиық пирамида, призма және олардың түрлері;
табанының ауданы;
бүйір бетінің ауданы;
толық бетінің ауданы;
көпжақтардың ауданы;
көпжақтардың көлемі.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Бүйір бетінің ауданың табу үшін....;
.... толық бетінің ауданы ....тең;
... көлемін табу үшін....;
Бұл көпжақ ... , оның көлемін ... қолданамын.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жұппен жұмыс жасауда жауапкершілікпен тапсырмаларды орындап, топпен жұмыста ынтымақтастық пен бір-бірінің ой-пікірлеріне құрметпен қарап, бір шешімге келеді. Оқу іс-әрекеттерін жүзеге асыру барысында сыни ойлау негізінде шығармашылқ тұрғыда жұмыс жасауға қалыптасады.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Оқушылар кристалография, сәулет аймағында және басқа да ғылым мен техниканың салаларында қопжақтардың және айналу денелердің кең қолдануына көзжеткізеді.
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Geogebra /немесе басқа/ бағдарламамен, интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды
|
Бастапқы білім
|
Көпжақтардың және олардың элеметтерін, көпжақтардың жазбаларының, көпжақтардың анықтамасын біледі. Көпжақтардың элементтерін және жазық фигуралардың аудандарын табуды біледі. Көпжақтарды салуды орындауға дағдыланған.
|
|