Сабақтың басы
3 мин
|
Оқушылар мен амандасады, түгендейді, көңіл-күйлерін анықтайды.
Үй тапсырмасын интербелсенді тақта көмегімен жұптар бірін-бірі бағалайды. Туындаған сұрақтарды ұжыммен талқылайды.
Сабақтың оқу мақсатымен таныстырады, оқушылармен бірлесе талдайды.
«Ой қозғау»: дұрыс көпжақтың, пирамиданың, қиық пирамиданың, призманың және оның түрлерінің анықтамалары.
|
Интербелсенді тақта
|
Сабақтыңортасы
10 мин
7 мин
10 мин
7 мин
|
Ұжымдық жұмыс.
Оқушыларға «Көпжақтардың көлемі» бейнероликті көруге ұсыныңыз.
Пирамида немесе қиық пирамида түрінде берілген ыдысты толтыру үшін, қанша литр су қажет ететінін есептеуді ұсыныңыз.
« Шынайы өмірдің қай салаларында осы дағдылар қажет болуы мүмкін?» осы сұрықты оқушылармен бірге талқылаңыз.
В идеоматериал көрсету. https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/11-synyp/piramidanyng-kolemi
Топпен жұмыс.
1. Үшбұрышты пирамиданың төбесіндегі барлық екі жақты бұрыштары тік, ал приамиданың қырлары 5; 6; 7. Пирамиданың көлемін табыңыз. Жауабы: 35.
2. Пирамиданың табаны –ауданы 81-ге тең тіктөртбұрыш. Пирамиданың екі жағы табанына перпендикуляр, ал калған екі жағы табанымен бұрыш жасайды. Пирамиданың көлемін табыңыз. Жауабы: 243.
3. Қиық пирамиданың биіктігі 10-ға тең. Қиық пирамиданың табандарының біреуі қабырғалары 27; 29 және 52, ал екіншісі пириметрі 72 –ге тең болатын үшбұрыштар. Қиық пирамиданың көлемін табыңыз. Жауабы: 1900.
Жұппен жұмыс / бірін-бірі бағалайды/.
Тәжірибелік есепті шешуге ұсыныңыз:
Хеопс пирамидасының (табан қабырғасының ұзындығы шамамен 230 м-ге тең, ал биіктігі шамамен 136,5 м-ді құрайды) көлемін табыңыз.
2. Егер стеарин тығыздығы 0,8 г/см3-ге тең болса, қиық пирамиданың табаны қабырғалары 8 см және 2 см-ге, ал биіктігі 3 см-ге тең болатын квадрат пішіні бар екі шам жасау үшін қандай мөлшерде стеарин қажет?.
Жеке жұмыс:
1.Пирамиданың табаны қабырғалары 4 см және 5см, арасындағы бұрышы 300- қа тең параллелограмм. Пирамиданың биіктігі табанының кіші диагоналына тең болса, онда пирамида көлемін табыңыз.
А)
В)
С)
D)
Е)
Жауабы: А)
2.Пирамиданың табанының диагональдары 4 және 6, арасындағы бұрышы 300-қа тең параллелограмм. Пирамиданың биіктігі табанының кіші диагоналына тең болса, онда пирамида көлемін табыңыз.
А) 4
В) 7
С) 9
D) 11
Е) 8
Жауабы: Е) 8
|
https://www.youtube.com/watch?v=gOuxtPsqXCQ
Геометрия, 11-сынып, Шыныбеков Ә.Н.
|