Сабақ тақырыбы: Портрет. Бұл -мен. Мектеп:: №207 «Жаңатұрмыс»



Дата13.09.2023
өлшемі24,45 Kb.
#106991
түріСабақ
Байланысты:
2-сынып. Портрет.Бұл –мен.


Сабақ тақырыбы:

Портрет.Бұл –мен.

Мектеп:: №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі

Күні :




Мұғалімнің есімі:  Достиярова Майгуль

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты

2.1.4.1 Шығармашылық жұмысты орындаудың реттілігін анықтау

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Кел балалар, күлейік,
Күлкімнен түлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Кел балалар, күлейік,
Күлкімнен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.

 

Сабақтың ортасы
Ширату жаттығулары
Миға шабуыл
Топтық жұмыс
Жұмыс барысында қойылатын талаптар:

-Тақтаға назар аударайық. Қандай суреттер ілініп тұр? (пейжаз, натюрморт және портрет)
-Дұрыс айтасыңдар, енді осы суреттердің бір-бірінен айырмашылыған білесіңдер бе?(өз ойларын айтады)
-Қорапшадағы өткен тақырыптарға байланысты сұрақтарды таңдап алып, әрбір бала жауап беруі тиіс (әр дұрыс жауап берген балаға смайлик таратамын).Сұрақтар:
-Балалар сендер өткен сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?(Портрет)
-Ал енді айта қойыңдаршы портрет дегеніміз не?
-Тағы портреттің қандай түрін білесіңдер?(Автопортрет)
-Автопортрет пен портреттің айырмашылығы қандай?
-Портрет арқылы адамның көңіл күйін білуге бола ма?
-Оны қалай білеміз?
-Ашық түстермен салынған портрет адамның қандай көңіл күйлерін білдіреді?(Жақсы көңіл күйлер)
-Ал, енді айта қойыңдаршы адамның жаман көңіл күйде тұрғанын қандай түсте салынған портреттен білуге болады? (Суық түстер)
Қалыптастырушы бағалау:
-Өте тамаша, сендер менің қойған сұрақтарыма толық жауап бере алдыңдар, сендер өткен тақырыпты жақсы түсінген екенсіңдер.
-Балалар 4 топқа бөлініп отырады, әр топқа түрлі тәсілмен салынған портреттер таратылады. Ал, топтағы балалар сол портреттердің қалай салынғанын сипаттап айтып беруі керек (балалар өз ойларын айтады).
1. 2.  3.  4.
- Сонымен балалар, біз бүгін портретті жасаудың әртүрлі тәсілдерін үйренеміз.
-Қалай ойлайсыңдар, портретті қандай тәсілдермен салуға болады?(Балалар өз ойларын айтады)
-Ал, енді мені мұқият тыңдаңдар. Портретті мынандай тәсілмен салуға болады: коллаж және апликация түрінде, сонымен қатар гуаш, акварель сынды бояулар арқылы салуға болады.
 
-Әр топқа портрет салудың түрлі тәсілдері арқылы жұмыс жасауға тапсырма беру.
1 топ: фломастермен портрет салу.
2 топ: коллаж жасау.
3топ: акварельмен портрет салу.
4 топ: портретті графикамен бояу.
-Енді, әр топ ортаға шығып, өз жұмыстарын қорғауы керек.
 
-Жұмыс жасамас бұрын қойылатын талаптарға назар аударайық:
-жұмыс орнын таза ұстау;
-басқа топқа кедергі жасамау;
-бояумен жұмыс жасағанда ұқыпты болу;
-парақ бетін дұрыс қолдану.
 
Қалыптастырушы бағалау:
-Балалар, сендер өте жақсы жұмыс жасадыңдар.
-Жарайсыңдар ( әр топқа смайлик арқылы баға беру)
 

 
Натюрморт, пейзаж, портрет
 
Қорапша
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Әртүрлі тәсілмен салынған портреттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сабақ соңы

Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
Кері байланыс:
-Жарайсыңдар, сонымен бүгінгі сабағымыз осымен аяқталды.
-Сау болыңдар.
 

«Бас бармақ» тәсілі


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет