Сабақ тақырыбы ҚР азаматтық және отбасы құқығының негіздері Модуль /пән атауы Құқық негіздері



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі172,04 Kb.
#15665
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ДЖТ

Пәнаралық байланыстар:

4. Сабақтың барысы:

Жоспар:

  1. Азаматтық құқық

  2. Отбасы құқығы

1) Азаматтық құқық

Азаматтық- адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатыстылығы. Мемлекет пен оның билігі астында болатын адам арасындағы өзара қатынастар түрінде көріңеді: мемлекет азаматқа оның заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге, шетелдерде оны қорғауға және жанашырлық танытуға кепілдік береді. Өз кезегінде азамат заңдарды, мемлекеттің басқа жазбаша өкімдерін, ол бекіткен міндеттерді орындауға міндетті. Бұл құқықтар мен міндеттердің жиынтығы, азаматтың (азаматтығы жоқ адамдардан айырмашылығы) саяси құқықтық мәртебесін құрайды.

Азаматтық құқық - азаматтық айналысқа қатысушылардың (оның негіздеріне мәмілелер әкімшілік актілер, азаматтық құқық бұзушылықтар және т.б., сондай-ақ меншік құқығы, авторлық құқық өнертап қыштық құқық, жаңалық ашу құқығы, мүлікті иелену және өкімдік ету бойынша қатынастар) мүліктік және сонымен байланысқан жеке мүліктік емес қатынастарды (мысалы, ар-намыс пен абыройды қорғау) реттейтің құқықсаласының нормалары.

Азаматтық жауапкершілік - Азаматтық құқық нормаларымен бекітілген заңдық жауапкершілік түрлерінін біреуі; басқа адамның субъективті азаматтық құқықтарынын бұзылуымен байланысты, азаматтық құқықпен қарастырылған міндеттерді адамның орындамауының немесе тиісті жолмен жүзеге асырмауы.

Азаматтық айналым - міндеттемелік құқықтың шарттық және шарттан тыс институттары арасына келтірілген, экономикалық айналыстын азаматтық-құқықтық айтылуы. Азаматтық айналымның қатысуылары ұйымдар, өздерінің табыстарына иелік ететін және түрліше мүліктік құқықтық, қатынастарға түсетін жеке және заңды тұлғалар болып саналады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет