2)Отбасы құқығы
Неке және отбасы ұғымы.
Неке ұғымы
Неке мен отбасын қорғау
1. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар ұғымы. Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жеке бастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық)және отбасы" Кодексі болып табылады (2011 жыл 27 желтоқсан № 518-ІV).
2. Неке - отбасын құрудың негізгі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын кұру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толык келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты — неке деп түсінуіміз кажет. Егер неке тіркелмесе де, бірак еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады.Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлык жасап, материалдык көмек көрсетсе — бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса — бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, игілік-өнегелікнормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара кұрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылык өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселелер кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларга араласу отбасылық қатынастар бұзылганда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей-тегжейлі реттеледі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылык құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылык-некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
3. Неке мен отбасын қорғау. Неке мен отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады: юрисдикциялық және бейюрисдикциялық. Біріншісінде — отбасының құқығы бұзылған немесе дауланатын құқықты қорғау жөніндегі өкілетті мемлекеттік органдарды қатыстыру арқылы жүзеге асырылады. Бұлар сот,прокурор, азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) органдары, қамкоршылык органдары, ішкі істер органы. Екінші түрі — отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтар мен ұйымдардың іс-әрекеттері. Азаматтар бұл әрекеттерді мемлекеттік органдардан көмектесуді өтінбей-ақ өздері іске асырады. Мұндай іс-әрекеттерді — кұқығын өзі қорғау деп атайды. Мысалы, құқығы бұзылған баланың ата-анасы тәртіп бұзушы баланың ата-анасымен кеңесіп, оған кешірім сұрауға ұсыныс жасайды және т.б.
Сот арқылы қорғау — отбасы құқығын қорғаудың бір түрі болып табылады. Бұл істе прокуратура, ішкі істер органдары, АХАТ органдары, тәрбиелік мекемелер, атқарушы органдар — әкімдіктер үлкен рөл атқарады. Мысалы, әкімдіктер ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау шараларын қолға алуға, ондай балаларды есепке алуды ұйымдастырып, оларды отбасыларға орналастыруға көмек көрсетуге міндетті. Ішкі істер органдары баланы күштеп тартып алуға, сондай-ақ алимент төлеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруге байланысты шешімдерді күштеп орындауға қатысулары мүмкін.
Сонымен, отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын, мүліктік және мүлікке қатыссыз жекебасындық құқықтармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының заңдық белгілеріне мыналар жатады: адамдардың неке немесе туыстық негізде бірігуі; өзара имандылық және материалдық қолдау; бала туу және оларды тәрбиелеу; өзара жекебасындық және мүліктік құқықтар. Бір негізден немесе бір ортақ атадан тарайтын адамдардың қандастық-кіндіктестік байланысы, туыстық деп түсініледі. Туыстықтың екі тармағы бар: тікелей және жанама. Мемлекет аналар мен балаларды қолдайды, отбасын қорғауға алады.
Тапсырма 1. Схеманы толтырыңдар. Азаматтық – құқықтық қатынастар.
Тапсырма 2. Кестемен жұмыс «Неке және отбасы» туралы Заңына сәйкес Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттірін кесте бойынша толтырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |