Есептер шығару – бағалау 3 оқушы тақтаға қатарынан шығып төмендегі есептерді шығарады. Қалған оқушылар орындарынан дәптерге орындайды. Есеп жауаптары тексеріледі. Егер тақтадағы есеп жауабы мен сынп оқушыларының жауаптары сәйкес келсе жасыл карточканы, ал сәйкес емес болса қызыл карточка көтеріледі. Қызыл карточка көтерілген жағдайда мұғалім сол оқушыға жақындап тақтадағы жауап пен оқушының жауабы салыстырылып, қай жауаптың дұрыстығы тексеріліп кері байланыс жасалынады.
Тапсырма: Массасы 10 кг дененің импульсі 40кг∗м/с болса, оның жылдамдығы қандай?
6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан салмағы 60 кг адам, 3 м/с жылдамдықпен жүріп бара жатқан массасы 40 кг арбаны қуып жетіп, оған секіріп мінді. Арбаның адам мінгеннен кейінгі жылдамдығы қандай?
Арбашалар мен жүктер немесе денелердің әрекеттесуін көрсететін суреттер таратылады