Ұзақ мерзімді жоспар:
7.3С Түзудің өзара орналасуы
Мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 7- сынып
Қатысқандар саны:
Қатысқандар саны:
Сабақ тақырыбы
Үшбұрыштар теңсіздігі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
7.1.1.20 Үшбұрыштың бұрыштарымен қабырғалары арасындағы қатысты білу және есептер шығаруда қолдану
7.1.3.1. Үшбұрыш теңсіздігін білу және қолдану
Сабақ мақсаттары
Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатынас теоремасын түсіну
Үшбұрыштар теңсіздігі туралы түсінік алу
Үшбұрыш теңсіздігінің қасиеттері мен теоремаларын қолданып, есептер шығару
Бағалау
критерийлері
- Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы қатынасты біледі;
- Осы қатынасты есептер шығаруға қолданады
- Үшбұрыштар теңсіздігін біледі.
- Үшбұрыштар теңсіздігін есептер шешуде қолданады
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
үшбұрыштар теңсіздігін тұжырымдай алады.
үшбұрыштар теңсіздігін есеп шығаруда қолданады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Қазақша
Орысша
English
Үшбұрыш
треугольник
triangle
Теңбүйірлі үшбұрыш
равнобедренный треугольник
isosceles triangle
Сыртқы бұрыш
внешний угол
exterior angle
Теңқабырғалы үшбұрыш
равносторонний треугольник
equilateral triangle
теңсіздік
неравенств
inequalities
Ұзындық
Длина
length
Қарама қарсы
Напротив
opposite
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының қосындысынан ............... болады ;
Үшбұрыштың әрбір қабырғасы өзге екі қабырғаларының айырмасынан .................. болады ;
Құндылықтары
дарыту
Қоғамдағы ұлттық бірлік , бейбітшілік пен келісім ; Ынтымақтастыққа, ойын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Топпен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді
Пәнаралық
байланыстар
Сызу, қазақ тілі.
Сызу сабағы. Оқушылар үшбұрышты сызады.
Қазақ тілі: Есептерді түсіндіру жолдарында сөйлемдерді байланыстыру, жалғауларды дұрыс жалғау, математикалық тілде дұрыс сөйлеу.
Бастапқы білім
Бұрыштарына және қабырғаларына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінетінін біледі
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңдері
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер
Сабақ ресурстары
Сабақтың басы
I кезең. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесу. түгендеу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
«Жылы лебіз» әдісі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтады.
Топқа бөлу. Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы 4 топқа бөлемін.
I топ: «Қызыл асық»,
II топ: «Сары асық»,
III топ: «Жасыл асық»,
IV топ: «Көк асық»,
Қ ызыл түс Жасыл түс Сары түс Көк түс ІІ кезең. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталау. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы арқылы оқушыларға сұрақтар қою.
1. Үшбұрыш деп ? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз. 2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, қабырғалары әр түрлі болатын үшбұрыш. 3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш..
4. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады.
5. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы дегеніміз ? Ж: Үшбұрыштың сыртқы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрышты айтады 6. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы катеттен (кіші, тең, үлкен) болады.
Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау сөздер арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отыру.
ІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың оқу мақсаты айтылады.
Тақырыпқа сай оқушылардан бүгінгі сабақтың оқу мақсатын ашу үшін практикалық тапсырмалар беру.
1-практикалық тапсырма Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын, ой қозғау мақсатында оқушыларға «Ойлан, топтас, бірлес» әдісі бойынша 4 топқа әртүрлі бұрыштардың кесіндері бар үлестірмелерді таратамын, қабырғалары мен бұрыштарын өлшеуді, үлкен қабырғасын, үлкен бұрышын табуды ұсынамын және қабырғалары мен бұрыштардың қатынастары туралы болжам жасауын сұраймын.
Мақсаты:Үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қарама-қарсы жатқан бұрыштардың өлшеміне тәуелділігін айқындау.
Теориялық бөлім.
1 теорема. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына үлкен бұрышы қарсы жатады және керісінше, үлкен бұрышына үлкенқабырғасықарсы жатады.
1-сурет АВС үшбұрышында АС қабырғасы АВ қабырғасынан үлкен болсын.
∠В > ∠С теңсіздігі орындалатынын дәлелдейік.
Ол үшін АС-ның бойына АВ-ға тең ADкесіндісін өлшеп саламыз.
2- сурет
орындалады. AD=ABСондықтан ∠1 ∠В бұрышының бөлігі болып табылады және ∠1<∠В.
Ал ∠2 BDC үшбұрышының сыртқы бұрышы болғандықтан, ∠2=∠С+∠DBC теңдігі орындалады. ∆ABD теңбүйірлі үшбұрыш болғандықтан, ∠1=∠2. Олай болса, ∠В>∠1=∠2>∠C теңсіздігі орындалады.
Керісінше, АВС үшбұрышында ∠В >∠С теңсіздігі орындалсын.
Онда АС>АВ теңсіздігі орындалатынын көрсетейік.Қарсы жорып, бұл теңсіздік орындалмайды делік.Онда не АС=АВ, не АС<АВ болуы керек.Егер АС=АВ болса, онда ∆АВС теңбүйірлі үшбұрыш болып, ∠В=∠С теңдігі орындалар еді, бұл ∠В<∠Стеңсіздігіне қарсы келеді.Егер АС<АВ болса, онда дәлелдегеніміз бойынша ∠В<∠С теңсіздігі орындалуы қажет, бұл да ∠В>∠С теңсіздігіне қарсы келеді.
Онда біздің қарсы жоруымыз қате, яғни АС>АВ теңсіздігі
Теорема дәлелденді.
2-тапсырма. «Ой қозғау» әдісі. Жеке жұмыс.
Суреттер бойынша анықтаңыз:
Үлкен бұрыш_________ Үлкен бұрыш_________
Кіші бұрыш_________ Кіші бұрыш_________
Үлкен қабырға_________ Үлкен қабырға_________
Кіші қабырға _________ Кіші қабырға _________
Дескриптор: - үлкен бұрышты анықтайды;
- кіші бұрышты анықтайды;
- үлкен қабырғаны анықтайды;
- кіші қабырғаны анықтайды